Саясат • 11 Қараша, 2020

Қаржыландыру Африканы қалай сақтап қалады?

334 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады.

Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына коронавирус пандемиясынан кейінгі кезеңде атқарылуы тиіс жұ­мыс­­тар жөніндегі екі мақаланы ұсынып отырмыз. Еуро­палық инвестиция банкінің президенті Вернер Хойер бүгінгі жарияланымында қарт құрлықтың қазіргі таң­дағы әлемдік аренадағы жағдайына тоқталады. Оның пайымдауынша, Еуропалық одақ көшбасшыға айналуы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Брюс­сель­дегі саясаткерлер қаржыландыру мәселесіне баса назар аударғаны жөн.

Африка даму банкінің бастамасымен құрылған Africa 50 инвес­тициялық алаңының директоры Элейн Эбобиссе пост-пандемия кезеңінде қара құрлықты тығырықтан шығаратын жол ретінде активтерді жекешелендіруді ұсынады. Автордың сөзіне сүйенсек, Африка елдерінің басшылары цифрландыруды белсенді жүргізіп, жеке­ше­лендіру мәселесіне ерекше ден қойғаны жөн.

 

 

Қаржыландыру Африканы қалай сақтап қалады?

КАСАБЛАНКА – Африкаға коронавирус пандемиясы кері әсер етіп, ішкі жалпы өнім көлемі күрт құлдырауы мүмкін. Оған қоса, Африканың бірқатар мемлекеті қазіргі таңда шикізат бағасының арзандап кетуінен қатты зардап шегіп отыр. Бұл қазіргі құлдырау үдерісін одан сайын күшейтіп жібереді.

Құрлық экономиканың кері кетуімен белсенді түрде күресіп, оны қайта қалпына келтіруге тиіс. Сондай-ақ келешектегі ық­ти­мал дағдарыстарға әзірленуі керек. Денсаулық сақтау саласын күшейтуден бастап, экон­о­ми­каны дамыта отырып азық-тү­лікпен қамтамасыз ету на­зар­­ға алынуы қажет. Африка көш­­бас­шы­лары осындай құры­лым­­дық қиындықтарды еңсеру үшін да­мудың жаңа стратегиясын әзір­легені абзал. Африка құр­лы­ғы­ның басты сыртқы әріп­тес­тері де коронавирус пандемиясынан зардап шегіп, ішкі мәселесімен айналысуға мәжбүр болғанын, тіпті індет басталмай тұрып-ақ дамушы елдердің (оның ішінде Африка елдері де бар) капиталы өте жедел түрде сыртқа кетіп жат­­қанын ескерсек, құрлықтың сая­саткерлері қайта ойлануына тура келеді.

Мұндай мәселені шешудің бір жолы – инфрақұрылымға бағыт­тал­ған кең көлемді инвес­ти­ция­­лық бағдарлама. Осылайша, ак­тив­терді жекешелендіру арқы­лы жергілікті ресурстарды пай­далануды оңтайландырып, би­лік өкілдері қазір қолда бар ка­пи­талға арқа сүйейді. Осы ак­тив­терді концессиялық схемалар арқылы сенімді жеке инвес­тор­лар­ға ұсынып, Африка елдері ма­ңыз­ды жаңа жобаларды қаржы­лан­дыруды тоқтата алады.

Мұндай жеңілдіктер ұзақ мер­зімді кіріс әкеліп, Аф­ри­ка­ға кө­бірек инвести­ция­­лық ка­пи­­тал­­ды тартатын жаңа ин­­­­фрақұ­­ры­лымдық-инвестициялық мүм­­­­­кіндік ұсы­на­ды. Осылайша, ак­тив­­тер­ді жекешелендіру құр­лық­тың инф­ра­құ­ры­лымын қар­жы­­ландырудың үлкен айыр­­ма­шы­лығын жоюға көмектеседі. Аф­риканың Даму Банкі (AfDB) оның жыл сайынғы көлемі 68-108 миллиард долларға тең деп есептейді.

Электр стансалары, ақылы автомобиль жолдары, порттар, әуежайлар, талшықты-оптикалық желілер, құбырлар және осы секіл­ді инфрақұрылымдар қайта өңделетін активтер қатарына кіреді. Соларды монетизациялау арқылы жиналатын қаражат мультипликативті тиімділігі мол жаңа жобаларға жұмсалып, бү­кіл құрлықтағы экономикаларда жұмыс орындарының ашылып, бизнес жүргізуге мүмкіндік береді. Құрлықтағы жұмыс орын­дарының көптеп жабылуы мен жыл са­йын миллиондаған жастың жұмыс істеуге жарамды жасқа жететінін ескерсек, бұл – өте маңызды.

Активтерді жекешелендіру Африкада ешқашан қолданыл­ма­ғанымен, Ауст­ралия­да мұн­дай тәжірибе өзінің жемі­сін беріп отыр. Бұл елде мемлекет менші­гіндегі 12 активті жекеше­лен­діру ар­қы­лы үш жыл ішін­де 18 млрд доллар пайда тапты. Африка елдері бүкіл құр­лықта осы тәсілді қайталап, жыл са­йын инфрақұрылымды қар­жы­ландыруға жет­пей қалатын қара­жат тапшылығын жабуға жол ашады.

Қысқа мерзімде түсетін пай­­­да­­дан бөлек, Африкадағы ак­тив­­тер­ді жеке­ше­лендіру инфра­құры­лымдық инвес­тор­лар­дың жаңа тобын қалыптастырады. Аустралияда әл-ауқат қоры, зей­не­тақы қоры және жеке инвес­ти­­циялық қорлар бірігіп осындай жобаларға қаты­са­ды. Қолда­ныс­тағы активтерді пайдалану арқылы осындай инвесторларды тарту Африка үкіметтерінің тек донорлар мен даму жөніндегі қаржы институттарына тәуелділігін тоқтатады. Қа­зір­гі таңда «Африка50» ұйымы актив­тер­ді жекешелендіру жобаларын іске асыру бойынша құрлықтың бірқатар үкіметімен келіссөз жүргізіп жатыр.

Цифрландыруға басымдық беру арқылы ауқымды инфрақұ­ры­лымдық инвес­тициялар азая­ды. Нәтижесінде мем­ле­кеттік және жеке тараптардың шы­ғын­да­рын азайтуға, олардың тиім­ді­лігін арттыруға, физикалық кедер­гі­лерді жеңуге және клиенттер мен азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға болады. Құрлықтағы цифрлы трансформация бүкіл көрсеткіш бойынша жақсы дамып келеді. Жаңа кең жолақты интернет ауқы­мы кеңейді, ұялы телефон­дар­ды пайдалану үрдісі жо­ға­рылай бермек, құрлық ұялы байланыс арқылы төлем жасау­да әлемде алдыңғы қатарда. Ко­ро­навирус пандемиясынан кейін туындаған қашықтан жұ­мыс істеудің «жаңа нормасы» және қоз­ғаған тұ­ты­нушылардың мінез-құл­қындағы өзге­­рістер бұл про­цес­ті жеделдетуге мүм­кіндік бе­ре­ді.

Цифрландыруды жалғастыру арқылы Африкада экономи­ка өсіп, жұмыс орын­дары құ­рыл­са да, кең жолақты ин­тер­нетті жаппай енгізу әлі де орташа әлемдік дең­гейден төмен. Цифрлы транс­фор­ма­­цияны то­лық­тай жүргізу сенім­ді инфра­құрылымдық кешендер арқылы мүмкін емес. Дүниежүзілік банктің хабарлауынша, 4G/5G технологиялары мен әмбебап кең жолақты интернетке қол жеткізу, талшықты-оптикалық кабель­дік желілерді кеңейту 2030 жылға қарай қо­сымша 100 миллиард долларды қажет етеді. Қажетті қаражатты жинау Африка елдері үшін бас­ты басым­дық­қа айналды. Олар коро­навирус­тан кейінгі ахуалға бейімделуге тиіс. «Africa50» қазірдің өзінде активтерді жеке­шелендіру принципін қол­да­ну арқы­лы осындай цифрлы өзгеріс жасауға кірі­сіп кетті.

Активтерді жекешелендіру стратегиясы Африка мемле­кет­те­ріне қажетті инвестицияны өзін-өзі қаржыландыруға мүмкіндік беретін ерекше әдіс ұсынады. Африка елдері үшін ауқымды цифрлы инфрақұрылымды дамыту басты ба­сым­дық болып саналса да, сонымен қатар билік өкілдері цифрлы инновацияны қамтамасыз ететін экожүйесі бар кәсіпкерлерді қолдауға баса назар аударуы керек. Kigali Innovation City сияқты бастамалар технологиялық және білімге негіз­делген компанияларға «қос та, жұмыс істе» қағидатын ұсы­нады.

Африка елдері Африка құр­лы­ғының еркін сауда аймағы (AfCFTA) арқы­лы аймақтық интеграцияны одан әрі да­мытқаны жөн. Бірлескен инфрақұрылым өндірістік әлеуетті дамытуда өте маңызды. Бірақ құрлықтағы көптеген мемлекеттің эконо­ми­калық қауымдастығы бұл мә­се­ле­ге құлшынып отырған жоқ. Әсіресе, экономикалық тиім­ді­лікті ескерсек, энерге­ти­ка­лық инфрақұрылымды біріктіру ұсы­нысты көбейтіп, құнын төмен­де­те­ді. Мәселен, Африка даму банкінің Desert to Power бастамасы Нигерия, Мавритания, Мали, Буркина-Фасо, Нигер, Джибути және Эритрея сияқты 11 елді электрмен жаб­дықтау үшін Сахел аймағында қуаты 310 гигаваттық энергия шығаратын жаңармалы энергия көздерін дамытпақ.

AfCFTA-ны толығымен енгізу арқылы ұсыныс тізбектерін ай­мақ­тық интеграциялау жергі­лік­ті экономиканы көтеріп, отан­дық өндірістің әлеуетін күшей­те түседі. Африка елдерінің көбі сыртқы серіктестермен сауда-сат­­­тық арқылы ішкі жалпы өнім­ді 30 па­йызға арттырады. Ішкі құрлықтық сау­даға екпін беру арқылы AfCFTA жер­гі­лік­ті на­рық­­қа қатысы бар өндірістік сек­­тор­дың өсуіне қолдау көрсе­те­ді. Осы­лай­ша құрлықтағы тауар айналымын қазіргі деңгейінен (барлық сауданың 15 пайызы) 60 пайызға дейін өсіріп, миллион­да­ған жұмыс орнын ашады.

Қысқасы, африкалықтардың өздері әзірлеп, өздері қаржы­лан­­ды­ратын қалпына келу жос­парын орындау мүм­кін екені анық. Пандемия құр­­лыққа қатты әсер еткендіктен, актив­тер­ді же­ке­шелендіру, цифрландыруды жалғастыру және өңірлік интеграцияны күшейту секілді стратегиялар сонда ғана індетпен күре­судегі Африканың әлеуетін арттыра түседі.

 

Элейн ЭБОБИССЕ,

Africa50 компаниясының директоры

 

Copyright: Project Syndicate, 2020.

www.project-syndicate.org