Оқиға орнына келген полицияның Жедел-тергеу тобы пәтер иесінің ішкі жағынан жабылған үйінің есігін аша алмағанын анықтайды. Сондықтан ол көршілерінен құралдар алып, есікті бұзып ашқан.
Айтуынша, пәтер иесі ер адам жантүршігерлік жайға тап болған: үйге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баласының өлі (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денелерін көргенін айтқан. Қанды оқиғадан қорқып қалған көршілерінің айтуларынша, отбасы павлодарлықтар емес. Бірақ, жақсы, ұқыпты отбасы болыпты.
Қазір осы бір жұртшылықты дүрліктірген сұмдық оқиға барысына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
– Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді департамент мәліметінде.
Павлодар облысы