Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
Сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар азаматтар енгізіледі.
Нақтылы сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастала отырып, сайлаушылар тізімдеріне өздерінің жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде өздерін енгізуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан 10 желтоқсаннан кешіктірмей оның сайлау күні өзі тіркелген жердегі дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, ол өзі болатын жердегі жергілікті атқарушы органға өзін сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініш жасауға құқылы. Жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.
Құрметті сайлаушылар! Сайлау туралы Конституциялық құқығыңызды жүзеге асыру үшін – құқықтық белсенділік танытыңыз!
Жергілікті атқарушы органдардың Call-орталықтарына жүгіну арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеріңіз.
Егер сіз сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, сайлауға дейін отыз күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бере отырып, өзіңізді қосу туралы қамқорлық жасаңыз.