Үйдің шатырына ағаштың бұтақтары арқылы шыққан бала бұтақтар сынған соң өздігінен түсе алмай қалған. Ол кезде күн батып, далада қараңғыдық баса бастаған екен.
Ол жарты сағат өткенде айғайлап көмек сұрайды. Баланы сол жерден өтіп бара жатқан әйел естіп қалады және бірден құтқарушыларды шақырады.
"Шұғыл-құтқару отрядының мамандары оқиға орнына келеді және ғимараттың төбесіне саты арқылы шығып, баланың жағдайын біледі. Бәрі дұрыс, тек төменге түсе алмай отырғанын біліп, оны жерге түсірді және анасына табыстады", делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Құтқарушылар балаларды жалғыз қараусыз қалған немесе құрылыс жүріп жатқан орындарға жіберуге болмайтынын ескертті.