Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Жедел жәрдем көлігі қаққан жаяу жүргінші қайтыс болды

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жедел жәрдем көлігі қаққан жаяу жүргінші қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы қаланың Октябрь ауданындағы Попова көшесінде болған. 51 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі шақыртуға асығып бара жатқан. Ол 15-ші тас жолдан отыз метр қашықтықта жаяу жүргінші жолында тұрған 71 жастағы ер адамды қағып кетеді. Соққы күшті болғаны сонша, ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі,  "Жол ережесін бұзу, адамның абайсызда өліміне әкеп соқтыруы" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", деп хабарлады Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті қызметкерлері.