Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Салехард аймағынан келетін циклон әсер етеді. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел қарқыны - 15-20 м/с.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз желдің күші15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жел қарқыны - 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.