Дженсеннің сөзіне қарағанда, үкіметтің коронавирусты жұқтырған жануарлары анықталған фермалардан тыс күзендерді өлтіруді талап етуге заңды негіздері болған жоқ. Бұл шешім тиісті заң қабылданғанға дейін кешіктіріледі.
"Біз қателестік", деп қысқа қайырды шенеунік.
Саясаткер өзінің орын алған оқиғаларға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алатынын да атап өтті.
Дания үкіметінің елдегі күзендерді жаппай өлтіру туралы шешімі парламентте де, мал өсірушілердің арасында да наразылық тудырған.
Айта кетейік, бұған дейін Дания билігі адамдар арасында аурудың жаппай таралуын болдырмау үшін коронавирустың мутацияланған түрін жұқтыруы мүмкін барлық кенелерді жою туралы шешім қабылдады.