Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Жезқазғанда ұрылар теміржол рельстеріне қол сала бастады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері теміржол рельстерін ұрламақшы болған екі азаматты  ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жезқазғанда ұрылар теміржол рельстеріне қол сала бастады

8 қараша күні  Жезқазған қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері теміржол өткелдерінің маңында іс-қимылдары күдік тудырған екі азаматты байқаған.

Аталған азаматтар полиция қызметкерлерін көре салысымен оқиға орнынан қашпақшы болған. Алайда полиция қызметкерлері күдік тудырған азаматтарды ұстап, Полиция басқармасына жеткізген.

Мән-жайды анықтау барысында олардың теміржол рельстерін ұрлап, металл қабылдау орнына өткізбекші болғаны белгілі болды. Ұрлық жасауға оқталу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.