Елорда • 11 Қараша, 2020

Елордада "Astana Media Week 2020" басталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада "Astana Media Week 2020" басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Дәстүрлі іс-шараның негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту мен индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты аймақтық және халықаралық деңгейде ілгерілету.

Елордада "Astana Media Week 2020" басталды

Медиаапталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап келеді және өзекті тақырыптар талқыланады.

Осы жылы ұйымдастырушылардың назары медиасаланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құруға ауып отыр. Басты тақырыптар: медиаконтентті тұтынудағы жаһандық трендтер; пандемия және БАҚ-қа деген сенімнің дағдарысы; жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы; мультиплатформалық; медиакеңістіктің жаңа көшбасшылары.

AMW қатысуға отандық және шетелдік топ-менеджерлердің өкілдері, жетекші медиагенттіктердің сарапшылары, ірі халықаралық ұйымдар мен шетелдік жоолардың ғалымдары, мемлекеттік сектор мен продакшн-компанияларының өкілдері шықырылған.

Олардың арасында: Роберт Скиннер – БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің бас кеңесшісі; Джавад Моттаги – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының бас хатшысы (ABU); Михаил Зыгарь – журналист, редактор, жазушы; Петр Федоров – Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы (БМТРК) халықаралық қатынастар дирекциясының басшысы; Михаил Гусман – Ресейдің ТАСС АА бас директорының бірінші орынбасары; Шамиль Садыков - Тат-Медиа бас директоры; Ирина Шихман – «А поговорить?» ютуб-арнасының авторы, сұхбат жүргізуші, журналист; Әлішер Елікбаев – PR-маманы мен әлемнің және Қазақстанның медиа қауымдастығының өзге де сарапшылары бар.