Қоғам • 11 Қараша, 2020

Жыр додасы жарияланды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы "Көңілде алаң басылса..." атты қалалық жазба ақындар мүшәйрасын жариялап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыр додасы жарияланды

Мүшәйраға 35 жасқа дейінгі елордада тұратын ақындар қатыса алады.

Бүгінгі бүкіләлемдік пандемия жағдайындағы адамзаттық ахуал, карантиндік алаң көңіл-күй, сақтық шаралары жайында жалпыжұртқа поэзия тілімен ой салатын 1 өлең, еркін тақырыпта 1 өлең жазған әрбір ақынның қатысуына мүмкіндік бар.

Мүшәйраға өлеңдер 2020 жылғы 25 қарашаға дейін қабылданады. Шығармаларды [email protected] электронды поштасына жолдау қажет. 

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ: 

Бас жүлде (біреу) - 500 000 теңге;

Бірінші орын (біреу) - 300 000 теңге; 

Екінші орын (біреу) - 200 000 теңге;

Үшінші орын (екеу) - 150 000 теңге; 

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) - 100 000 теңге.