sputniknews kz
Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Ұлттық банкке жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2304 өтініш түсті, оның ішінде 840 өтініш (36,4%) төлем жүйелері мен төлем ұйымдарының жұмысы, қолма-қол ақшасыз аударымдар, валюталық реттеу және валюталық бақылау, сондай-ақ алтын құймаларды, коллекциялық монеталарды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын өткізу, сол секілді ұлттық валюта банкноттары мен монеталардың айналысы, инкассация, қолма-қол ақшаны тасымалдау тәртібі бойынша бас банктің құзырына жатады.
– «Өтініштер жеке тұлғалардан, кәсіпкерлерден, екінші деңгейлі банктерден, банктік емес айырбастау пункттерінен және басқа да ұйымдардан келіп түсті. Барлық өтініш бойынша заңмен белгіленген мерзімде тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді», – делінген хабарламада.
Түскен сұрақтардың басым бөлігі, яғни 1464 өтініш (63,6%) Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА, Агенттік) құзыретіне кіреді. Атап айтқанда, қарыздар бойынша берешекті өтеу, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, қарыздарды қайта қаржыландыру және басқалары сынды банк қызметтері, коллекторлық агенттіктердің, брокерлік компаниялардың, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын және онлайн микрокредит беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың қызметі бар.
Ұлттық банктің құрылымы қайта ұйымдастырылғаннан кейін қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау және реттеу, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау функциялары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне берілгенін айта кеткен орынды.