Қоғам • 12 Қараша, 2020

Газет нақты мекенжайға жеткізіледі

324 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазпошта» акционерлік қо­ға­мы­ның Жамбыл облыстық фи­­лиалы «Egemen Qazaqstan» газе­­тінің ағымдағы жылдың 4 қара­шасында (№211) жарық көр­ген газеттің Жам­был облы­сын­дағы меншікті тілшісі Хамит Есамановтың «Пошта қыз­ме­тіне көпшіліктің көңілі неге толмай­ды?» деген мақаласы бо­йынша тө­мен­дегіше жауап береді:

Газет нақты мекенжайға жеткізіледі

«Думан Қияшұлы Пармен­құ­лов­­­тың газет редакциясына жа­са­ған шағымын тексеру бары­сын­­да тө­мен­де­гі жайттар анық­талды:

«Egemen Qazaqstan» газетіне ша­­ғым­данушының жұбайы Б.Көп­­бае­­ва­ның жазылғандығы және або­но­­ментіне Б.Көпбаева­ның өзі басқа мекенжай (Шу қаласы, Жұ­ма­бек­ұлы көшесі 2А үй) көрсет­кен­дігі анықталды.

Сонымен бірге Д.Пар­мен­құлов Б.Көпбаеваның жазыл­ған «Egemen Qazaqstan», «Арай» газеттері Шу қаласы, Жұма­бек­ұлы көшесі 2/1 мекен­жайы­ның орнына, Шу қала­сын­дағы Жұмабекұлы кө­шесі «2А» үйіне жеткізіліп отыр­­ған.

Мән-жайларды анық­таған­нан кейін, Жұмабекұлы көшесі «2А» үйіне жеткізілген «Egemen Qazaqstan», «Арай» газеттерінің барлығы қайтарылып, Б.Көпбае­ва­ның нақты мекенжайы Жұ­ма­­бек­ұлы көшесі, 2/1 үйіне жет­­­кізілді. Сонымен қатар Д.Пар­мен­құловтың 30.10.20 жылы өз қолымен берген жазба пі­кірінде, «Қазпошта» қыз­мет­керл­еріне қоятын ешқан­дай талабы жоқ екенін және дұрыс мекенжай көрсетпегені – өз та­ра­­пының кемшілігі екенін атап көр­­сеткен.

Шу аудандық байланыс тора­бы­­ның бастығы А.Срай­лова­ның тү­сінігіне сүйене­тін болсақ, Тараз қа­ла­сы мен Шу қаласы аралығындағы пошта алмасу бағытының жиілігі тура­лы «Egemen Qazaqstan» газе­ті­нің мен­шікті тілшісіне ешқан­дай мәлі­мет бермегенін растайды, оған қоса «бейсенбі күні шыққан кез келген газет Тараз қаласынан Шу қаласына екі күннен кейін ғана же­те­ді» деген ақпараттың жал­ған­ды­ғы туралы хабарлаймыз.

Облысаралық пошта алмасу ба­ғы­­ты Тараз қалалық поштаны сұ­рып­тау және тасымалдау телімі мен Шу қа­ласы арасында аптасына 6 (алты) рет (дүйсенбі-сенбі) жиілікте қа­ты­на­йды.

Өз тарапынан «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы Қоғам­ның әлеуметтік маңыз­ды­лық рөлін ескере отырып, газет және мерзімді ба­сылымдардың уақы­тылы жет­кі­зіл­уін ерекше қада­ға­лай­ды. Пош­талық қыз­мет­тің дамуы­на назар аударып, үлес қосып жат­қан­да­ры­ңызға алғыс білдіреміз!

 

Д.Абдухалиұлы,

«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиа­лы­ның директоры