Оқиға • 12 Қараша, 2020

Павлодар «қызыл аймаққа» енді

279 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Өңірдегі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, облыста індетті жұқтырғандар саны 4 735-ке жеткен. 9 қарашадан бастап өңірдің кіреберіс жолдарына 12 блок-бекет қойылды. Осы уақытқа дейін бекеттерден 33 079 адам өтіп, 331 адам кері қайтарылған. Бірақ дене қызуы жоғары жолаушылар анықталмаған.

Павлодар «қызыл аймаққа» енді

Суретті түсірген Валерий Бугаев

 

Онлайн-баспасөз жиынында облыс бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын ба­қы­лу департаментінің бас­шы­­сы Батырбек Әлиевтің мәлім­де­уінше, қазір өңірімізде қабыл­дан­ған жаңа карантиндік шектеу­лер 2 апта ішінде эпидемиялық жағдайға әсер етуі мүмкін. Ін­дет­ке қарсы емдеу шараларына қосымша 540 медицина қызмет­кер­іне қоса еріктілер де атсалысып жатыр.

Соңғы уақытта КВИ жұқ­тыр­ғандар саны артқанына байланысты Павлодар облысының «қызыл аймаққа» енгені белгі­лі болды. Жалпы, өңірде 9 қара­ша­дан бастап карантиндік шаралар қабылданды.

Б.Әлиевтің айтуынша, жағдай тіпті ауырлайтын болса, облысқа кіретіндерден ПТР-зерттеу нәти­же­сі талап етіледі. Сонымен қа­тар департамент басшысы енгі­зіл­ген шектеулер жағдайға 30 пайыз әсер ететінін, 70 пайызы адамдардың маска тағу, антисептик қолдану сияқты әлеуметтік жеке жауапкершілігіне байланыс­ты екенін айтты.

– Егер де салыстырмалы түрде қарасақ, 26 қазан мен 1 қараша ара­лығында КВИ жұқтырған 145 жағдай расталса, 2-8 қараша аралығында 387 жағдай тіркеліп, өсім 8,9 пайызды құрады, – деді Б.Әлиев.

Сондай-ақ 2-9 қараша ара­лы­ғында мониторинг топтар 103 рейд жүргізіп, 162 нысанды тек­сер­ді, нәтижесінде 63 нысанда ереже бұзушылық анықталды. Сауда орындарының жұмыс істеу кестесіне өзгерістер енгізілді.

Ал өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазиновтің мәлімдеуінше, қазір емдеу орындарында 1 400-ден аса медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Жағдай ауырлап, күніне 500 науқас түсетін болса, қосымша 4 900 орын да­йындалады. Бұл ретте кар­дио­ло­ги­ялық орталық, онкологиялық орталық, №1 қалалық ауруханада облыс тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетіледі.

Айталық, облыстық Кар­дио­логиялық орталықта жаб­дық­та­лып, іске қосылуға дайын 4 ПТР-зертханасы бар. Зертхана тәулігіне 1 мыңға дейін зерттеу жүргізе алады. Онкодиспансердің ескі ғимаратында науқастарды бірден жеткізетін триаж-орталық жасалды. Санитарлық нормаларды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Мобильді топтардың тұрғындармен жұмыс істеуі үшін де қажетті барлық медициналық құрал-жабдық жеткілікті.

Жаңа Онкологиялық дис­пан­сер­дің ауруханасы 200 төсекке есептеліп, ал емханасы бір ауы­сымда 100 науқасты қабылдай алады. Онкологиялық қызмет компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтармен, эндоскопиялық жабдықтармен және сәулелік терапия үшін заманауи сызықтық үдеткішпен қамта­масыз етілген. Індет ке­зін­де де онкологиялық нау­қас­­тарға мамандандырылған медици­налық көмек көрсету тоқ­та­тыл­мағаны белгілі. Облыстық Жедел жәрдем стансасына барлық қажетті құрылғымен жаб­дық­тал­ған 22 жаңа реанимобиль жеткізілді.

Облыс орталығына қазір өзге өңір тұрғындары себепсіз кіре алмайды. Тек жұмыс бабымен, денсаулығына байланысты қарау­да жүрген және рұқсаты бар азаматтар ғана өте алады. Шығыс Қазақстан облы­сымен шекарада 2 блок-бекет орнатылды. Бұл жа­йында онлайн-баспасөз жиынында облыс­тық полиция департаменті бас­шы­сы­ның бірінші орынбасары Жас­қайрат Қайыров мә­лім­деді. Соны­мен қатар блок-бекет­терден pvlinfo.kz рұқсат беру сайтына тір­келгендер, жұ­мыс орнынан анық­тамалары бар адамдар және меди­циналық қыз­мет алуға келгендер ғана өткізіледі.

– Өңірде мониторинг топта­ры­ның саны 22-ден 40-қа дейін жет­­кізіледі. Отбасылық және бас­қа да шаралар өткізуге, каран­тин­дік талаптарды сақтауға қа­тыс­­ты қатаң бақылау жасалады. Ереже бұзушылықтар анықталса, 83 мыңнан 4 млн теңгеге дейін айып­пұл салынады, – деді Ж.Қайыров.

Қазір қалааралық, аудана­ра­лық жолаушылар тасы­малы тоқ­тады. Тек қала ма­ңын­дағы және қала ішіндегі қо­ғам­дық көліктер жұмыс күн­дері әдеттегідей қоз­ға­лысын жал­ғас­тыруда. Ал демалыс күндері тоқ­тайды. Өзге өңірлермен әуе және темір жол қа­тынасы қысқарып, кесте қайта қа­ралды және халықаралық ба­ғыт­­­та жүк тасымалдаушы жүр­­гі­зу­­шілер өңірімізге шекара арқылы өткенде міндетті түрде ПТР-тест тапсыруда. Жаңадан ен­гізіл­ген ереже халықаралық жүк тасымалына кері әсерін тигіз­­­бейді, шекарада ұзын-сонар кезек пайда болуына себеп те жоқ.

– Өйткені жүргізушілер ПТР-тестерді шекара маңындағы блок-бекеттерде тегін тапсырады. Әрі қарай оларды Тауар­лар мен қызметтер сапасы мен қа­уіпсіздігін бақылау ко­ми­те­тінің «Ұлттық сараптама ор­та­лығына» жөнелтеді. Бар­лы­ғынан 25-40 минут уақытта өтеді, – дейді денсаулық сақтау басқармасының маманы Эльмира Темірғалиева.

Ал кейбір жүргізушілердің бұл ережеге көңілі толмайды. Олардың айтуынша, комис­сия­ның бұл шешімі зертханалар жұмысын қиындатып жібереді. Егер жүргізушілер ПТР-тест нә­ти­желерін екі күн күтуге тура келсе, әрине кезек пайда болады да, ауырмаған адамдар вирус жұқтыруы мүмкін. Не әжетхана, не асхана жоқ.

Комиссияның шешімі бойынша халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер міндетті түрде теріс нәтижелі ПТР-анықтамаларына ие болуы тиіс. Болмаса, жүргізушілер ПТР-тест алғанша екі тәуліктік карантинге орналастырылуы мүмкін.

Ал жергілікті Бас санитардың қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану орындары сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды. Қажетті жиындар тек онлайн-форматта өтуде, 30 адамнан көп қызметкері бар ұйымдарда ұжымның 80 пайыздан астамы қашықтан жұмыс істеп жатыр.

– Кезекші сыныптарға келетін болсақ, қазір мектептерде каникул. Оқушылардың демалысы 10 күнге жалғасады. 10 күн бойы жағ­дайды бақылаймыз. Содан кейін кезекші сыныптардың мә­се­лесін қараймыз, – деді Б.Әлиев.

Қазір маусымдық эпидемияны болдырмас үшін тұрғындарға вакцина егу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, қыркүйектен бас­тап облыс бойынша 81 164 адам тұмауға қарсы вакцина алған. Өңірдегі медициналық ұйым­дар­дағы, ауруханалардағы, тұрақ­тан­дыру қорындағы дәрілер тұр­ғын­дарды дер кезінде емдеуге жет­кілікті. Яғни коронавирустан басқа аурулар бойынша дәрімен қам­тамасыз ету бойынша мәселе жоқ. Бәрі жоспардағыдай.

 

Павлодар облысы