Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Бекет саны көбейеді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақта коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Бекет саны көбейеді

Кеңес барысында Қостанай, Лисаков, Арқалық, Рудный және Қостанай, Қарабалық, Жітіқара аудандарының әкімдері әр аудан­дағы эпидемиялық ахуал туралы есеп берді. Сонымен қатар облыста жүзеге асырылып жатқан індетке қарсы күрес шаралары мен карантин режімін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы туралы сөз болды.

Жиын барысында облыс әкімі алдағы бейсенбіден бас­тап Қостанай облысымен шек­тесіп жатқан іргелес облыстардан кіретін көлік жолдарына санитарлық бекет қойылатынын мәлімдеді.

– Штаб мүшелері айтқан ұсы­ныстарды ескере отырып, 12 қарашада сағат 00.00-ден бастап көршілес облыстардың шекарасында облыстың периметрі бо­йынша санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды, сондай-ақ мониторингтік топ­тардың жұмысы күшейтіледі, – деді А.Мұхамбетов.

Аймақ басшысы жедел штаб өкілдеріне облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерге карантин талаптарын сақтаудың мән-маңызы туралы әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Індетке қарсы күрес шта­бының мәліметінше, 9 қараша күні облыста COVID-19 жұқ­тырған 63 адам анықталған. Қос­танайда – 36, Рудныйда – 16, Жі­тіқарада 5 науқас тіркелді.

 

Қостанай облысы