Қазақстан • 12 Қараша, 2020

Апатты жағдайда әуежайға оралған ұшақ жолаушыларына жолақысы қайтарылады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құстарға соғысып,қауіпсіздік үшін әуежайға қайта оралған ұшақ жолаушыларына SCAT авиакомпаниясы тиісті жолақысын қайтарады, деп хабарлайды Egemen.kz

Апатты жағдайда әуежайға оралған ұшақ жолаушыларына жолақысы қайтарылады

SCAT авиакомпаниясында айтылғандай, 30-дан астам адам басқа күнге рейске тапсырыс жасады, ал қалған клиенттерге билеттің толық құны қайтарылады. Авиакомпания өкілдері барлық резидент емес жолаушыларды Атыраудағы қонақүйге орналастырып, оларды үш мезгіл тамақтандырғанын да атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау - Нұр-Сұлтан бағытында көтерілген ұшақ 12 минуттан кейін апатты жағдайда әуежайға қайта қонған еді. Белгілі болғандай, ұшақ ірі құстар тобымен соқтығысқан. Анық болғандай, төтенше жағдай кезінде бортта 115 жолаушы болған.