Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Алматы тағы да 65 жастан асқандарды індеттен сақ болуға шақырды

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-брифинг барысында Жоғары медициналық колледждің директоры Светлана Сұлтанғазиева дезинфекция жүргізудің маңыздылығы мен алдын алу шараларының маңыздылығы туралы баяндады.

Алматы тағы да 65 жастан асқандарды індеттен сақ болуға шақырды

Жалпыға ортақ орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматыда кіреберістердің, балалар алаңдары мен аула аумақтарына аптасына үш рет дезинфекция жүргізу қызметіне қайта кірісті.

«Барлық ұйымдарда пандемия басталғаннан кейін дезинфекциялық тоннельдер қойылды. Біз оны ОСО-нан көріп жүрміз, көптеген нысандарда санитайзерлер, кварц шамдары орнатылған, олар тек қоғамдық орындарда ғана емес, сонымен бірге қоғамдық көліктерде де бар. Осының бәрі карантин жағдайында керек. Сондай-ақ, біз кіреберістер, балалар алаңдары мен көшеде дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуін құптаймыз, себебі эпидемиялық жағдайға байланысты ол жұмыстардың маңызы зор», - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, С.Сұлтанғазиева коронавирустың алдын алудың негізгі шаралары туралы еске салды және тұрғындарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды.

«Біз коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі жолы ауа тамшылары арқылы екенін білеміз. Сол себепті қоғамдық орындарда, көлікте бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау – осының бәрі алдын алу тәсілі болып табылады. Науқас адам түшкіреді, жөтеледі, соның есебінен ол инфекцияны басқаларға таратады. Бірінші кезекте, қауіп тобында иммунитеті төмен адамдар, яғни, қарттар, балалар, басқа да аурулары бар және ауыр дертпен есепке алынған науқастар бар», - деген ол коронавируспен науқастанғандардың 30 пайызы қарт адамдар екенін айтты. Осыған байланысты ол 65 жастан асқан адамдарды тұмауға қарсы екпе алуға, оқшаулану режимін сақтап, коронавирустың алдын алудың барлық шараларын сақтауға шақырды.

 

 

АЛМАТЫ