Әлем • 12 Қараша, 2020

Женева аукционында сирек кездесетін қызғылт гауһар тас рекордтық бағамен сатылды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Якутияда өндірілген күлгін-қызғылт гауһар тас Женевадағы аукционда 26,6 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Женева аукционында сирек кездесетін қызғылт гауһар тас рекордтық бағамен сатылды

Sotheby’s аукцион үйінің хабарлауынша, Spirit of the Rose, сопақ тасының салмағы 14,83 карат. Ресейде табылған ең үлкен қызғылт алмастан жасалған.

Аукцион кезінде асыл тастың құны 23-38 миллион долларға бағаланды. Айта кету керек, бұл аукциондағы сатылған осындай гауһар тастар арасында құны бойынша жаңа рекорд.

Қызғылт бриллиант белгісіз саудагердің еншісіне тиді. 

"Бақытты сатып алушы алдағы жылдары қызғылт гауһар тастар бағасының көтерілуінен өте жақсы пайда табуы мүмкін, өйткені бұл өте сирек кездесетін гауһар, оның бағасы осындай көлемінде, түсі мен айқындығында. Бұл аукционға Ресейден шыққан алғашқы ереңше гауһар тас", деді менеджер.

Айта кету керек, Тобиас Корминд, 77 Diamonds компаниясының директоры, Еуропадағы ең үлкен  зергерлік дүкен.Sotheby's мәліметтері бойынша аукционда сатылған ең қымбат 10 гауһардың бесеуі осындай қызғылт түсті болды.