Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы мәдени ошақтар алдағы демалыс күніне орай түрлі театр қойылымдарын, көрмелер мен экскурсиялар ұсынады. Барлық іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өтеді.

Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

Astana Opera-да 14 және 15 қараша күндері сағат 18:00-де "Евгений Онегин"операсы өтеді.

15 қараша күні сағат 15:00-де қазақстандық жас музыканттар "Еуропаға музыкалық саяхат" концертінде Германия, Франция және Италия композиторларының шығармаларын орындайды.

Тәуелсіздік сарайында 31 желтоқсанға дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған және "Ақанаевтар әулеті" көрмесі өтеді.

30 қарашаға дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін "Өнер қарлығаштары" және "Әлем бала көзімен" атты балалар экспозициялары ашылды. Сондай-ақ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің "Тылсым" атты көрмесі ұсынылды.

Nomad City Hall-да 14 қараша күні сағат 18:00-де "Әбу Насыр әл-Фараби" атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.

Қалалық қуыршақ театрында 14 қараша күні сағат 12:00 және 14:00-де жас көрермендерге "Ер Төстік" ертегісін көрсетеді.

Атамекен этно-мемориалдық кешені 14 қараша күні сағат 12:00-де "Сығанақ қаласындағы Ортағасырлық мешіт" онлайн-экскурсиясын өткізеді. Іс-шара @atamekenmap инстаграм және @atamekenmap.kz фейсбук парақшаларында көрсетіледі.

М. Горький атындағы драма театры 14 қарашада сағат 11:00-де онлайн режимде “Домик для царя зверей” ертегісін ұсынады. Трансляция инстаграмда жүргізіледі.

М. Горький атындағы драма театрының кіші залында 14 қараша күні сағат 18:00-де А.Островскийдің "Гроза" пьесасы негізінде спектакль қойылады.