Аймақтар • 12 Қараша, 2020

"Бюджетке қатысу" жобасына алматылықтардан 2 есе көп ұсыныс түсті

195 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қала тұрғындарының жобалық ұсыныстарға дауыс беру кезеңі қалай өтетіні туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жазылтаева айтты.

"Бюджетке қатысу" жобасына алматылықтардан 2 есе көп ұсыныс түсті

Биылғы жылдың 20 қазанында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша budget.open-almaty.kz. сайтында өтініш қабылдау аяқталды.

«Биылғы жылы барлығы қала тұрғындарынан 23,7 млрд.теңге болатын жалпы сомаға 796 жоба түскен. Қорытындысында 10,7 млрд.теңге сомаға қала тұрғындарының 448 бастамасы дауыс беруге жіберілді. Жобалардың біреуін авторлардың біреуі қайтарып алды, сайтта барлығы 795 жоба бар. Өткен жылы барлығы 333 жобалық ұсыныс түскен. Біз екі есеге дейін айтарлықтай өскенін көріп отырмыз», - деп атап өтті Ж.Жазылтаева. 

Ж.Жазылтаеваның айтуынша, өтініштердің көбі абаттандыруға бағытталған: құрылыс және тротуарларды, пандустарды, арықтарды жөндеу, жалпыға ортақ орындарда балалар және ойын, спорт алаңдарын орнатып, жөндеп, жарықтандыру. Сонымен бірге, жаяу жүргіншілер аймағын жөндеу, күркелерді жөндеу және орындықтар мен қоқыс салғыштарды орнату бойынша ұсыныстар енгізілді.

Рұқсат етілмеген 281 жобаға қатысты айтар болсақ, кері қайтарылуының негізгі себептері келесідей:

жобалық ұсыныстардың санаттарына сәйкес келмеуі;

жалпы қолданыстағы нысан болып табылмайды;

жобалық ұсыныстарды жүзеге асыру аудан әкімі аппараттарының құзыреттілігінен тыс болғанда;

жұмыстар 2021-2022 жылдарға жоспарланған;

учаске жеке меншік, тұрғын үй кешенінің, бау-бақша серіктестігі аумағында орналасқан;

жеке коммерциялық сипатта жүзеге асыру қарастырылған.

«Аяқталмаған 60 жобалық ұсынысқа қатысты айтар болсақ, олар авторлары нақтылап, қайтадан өз ұсыныстарын енгізуі үшін түзетуге жіберілді. Соған қарамастан, тұрғындардан жобалық құжаттамасын жасап, болмаса, қандай да бір есеп жүргізу талап етілмейді», - дейді Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары. Сарапшы комиссия негізіндегі тиісті мамандар көмек көрсетеді.

 

 

 

АЛМАТЫ