Әлем • 12 Қараша, 2020

Ресейде коронавирус инфекциясы бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің 85 аймағында бір тәулікте 19 851 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресейде коронавирус инфекциясы бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді

Анықталған науқастардың 24,9 пайызында аурудың белгілері болмаған. 

Сондай-ақ коронавирус жұқтырған 18 616 адамның жазылғаны белгілі болды. 432 науқас көз жұмды – бұл Ресейде коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері рекорд көрсеткіш.

Ауру жұқтырғандардың көбі Мәскеуде (4777 адам) тіркелді, одан кейін Санкт-Петербургте (1571 адам), Мәскеу түбінде (701), Нижегородск(414) және Архангельск (338) облыстарында анықталды.

Ал, Қазақстанда өткен тәулікте 587 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.