Қазақстан • 12 Қараша, 2020

Жол картасы аясында 207 мың адам жұмысқа орналастырылды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы (ЖҚЖК) аясында 6,7 мыңнан астам жобаны іске асыру басталды, оларда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 207 мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жол картасы аясында 207 мың адам жұмысқа орналастырылды

"ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90 пайызының тауарлары мен қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып отыр. Жұмысшылардың кемінде жартысын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, басымдық жұмыссыз жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс", делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

1 қарашадағы жағдай бойынша өңірлерде 6,7 мың жоба тұрғысында жұмыс басталды, 207 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 112 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаға қатысушылардың жартысы ауыл тұрғындары, 40 пайызы – жастар және 7 пайызы – табысы аз азаматтар. ЖҚЖК аясында жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан (20,5 мың адам немесе 108,8%), Қызылорда (9,4 мың адам немесе 101,2%) және Атырау (7,3 мың адам немесе 102,9%) облыстарында.

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.