Әлем • 12 Қараша, 2020

Covid-19: Түркияда көшеде темекі шегуге тыйым салынды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда коронавирус жұқтыру жағдайлары көбеюіне байланысты көпшілік жүретін көшелерде және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынды. Бұл туралы республиканың ІІМ нұсқаухатында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Covid-19: Түркияда көшеде темекі шегуге тыйым салынды

"Осыған дейін жарияланған нұсқаухатта барлық қоғамдық жерлерде (тұрғын үйлерден басқа) азаматтар бетперде тағуға міндеттелгені туралы жазылған еді. Бірақ адамдар темекі шегу үшін бетпердесін шешіп, не төмен түсіріп тастайтын болған, бұл дегеніміз оны дұрыс тақпау. Осыған байланысты 12 қарашадан бастап барлық провинцияда көпшілік орындарда және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынды", делінген нұсқаухатта. 

"Тыныс алу арқылы оңай жұғатын коронавирустың таратпау үшін бетперде тағуды үнемі қадағалау қажет" екені айтылады. 

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Түркияда коронавирус пандемиясы екінші шыңына жеткенін айтты. Сәрсенбіде Түркияда коронавирус инфекциян жұқтырғандар саны 2693-ке жетті, бұл 29 сәуірден бергі ең үлкен көрсеткіш. Жұқтырғандардың жалпы саны 400 мыңнан, ал қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асты.