Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Атырауда 2 мың гектарлық 10 жер учаскесі кері қайтарылды

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда игермегені үшін 2 мың гектарды құрайтын 10 учаскесі кері мемлекет иелігіне кері қайтарылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда 2 мың гектарлық 10 жер учаскесі кері қайтарылды

Облыстық жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың мәліметінше, мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің жалпы аумағы 2  мыңнан астам гектарды құрайды. 

«Биыл мерзімінде игерілмегені үшін 10 жер учаскесі кері қайтарылды. Ал, 51 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8 833 642 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 51 ұйғарым берілді. Қазір  бюджетке 6 700 142 теңге ерікті түрде төленді» дейді Гүлзия Құрманова.