Ауа райы • 12 Қараша, 2020

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады

Болжам бойынша, Алматыда алғашқы қысқы жауын-шашын ертең, 13 қарашада түседі.

"Фронтальды бөліктердің шиеленісуіне байланысты Алматы облысы мен Алматыда 13 қарашаға қараған түні қар жауады. Күндіз кей жерлерде жауын-шашын болады. 14 қарашада күндіз кей жерлерде жауын-шашын түсіп, қар жауады. 15 қарашада түнде кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отырмыз", деді синоптик Дәулет Қисебаев.

Синоптиктің айтуынша, бұл биылғы Алматыда жауатын алғашқы қалың қар болмақ.