Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Көкшетауда 800-ден астам адам үй карантинінде жатыр

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа байланысты қала бойынша 255 белсенді ошақ анықталды. Бұл туралы Көкшетаудың бас санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетауда 800-ден астам адам үй карантинінде жатыр

Қанат Ысқақовтың мәліметінше, өңірде коронавирус жұқтырғандар өткен аптамен салыстырғанда 2,3 есеге өскен. Медицина қызметкерлерінің арасында қазан, қараша айларында 40 КВИ жағдайы тіркелді.

"Қала бойынша 255 белсенді ошақ анықталды. Ал, жұқпалы аурулар ауруханасында 86 науқас емделуде. Дәрігерлердің бақылауымен 840 адам үй карантиніне алынған", дейді Қанат Ысқақов.

Айта кетейік, Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы қаулысына сәйкес өңірде карантин талаптары күшейтіліп, ПТР анықтамасыз Көкшетау қаласы аумағына кіруге тыйым салынды.