10 қараша күні полицияға қаладағы екі сауда орталығының кәсіпкерлерінен күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефондары мен әшекей бұйымдарын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға 10 және 7 жастағы екі баланың қатысы бар екенін анықтады.
Балаларының тәрбиесімен айналыспаған жасөспірімдердің анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығын шектеу үшін Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.