Туризм • 13 Қараша, 2020

Қонақүй қызметкерлері келушілердің "түсініксіз" өтініштерін тізіп шықты

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қымбат емес қонақүйлердің қызметкерлері бір жыл ішінде клиенттерден түскен "түсініксіз" өтініштер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қонақүй қызметкерлері келушілердің "түсініксіз" өтініштерін тізіп шықты

Солардың бірінде қонақүйге келген әйел баласының ойдан құрастырған досы үшін тағы бір кереует сұраған және ресепшнде тіркеу кезінде онымен амандасуды өтінген. Тағы бір әйел жатын орынды әуе шарынан жасақтауды өтінген, осылайша ол қызын таңғалдырмақ болған. 

Тағы бір қонақ коронавирус пандемиясына байланысты әлеуметтік қашықтық талаптарын сақтау мақсатында  әйелімен бөлек жату керектігін айтып, қызметкерлерден осы жағдайды жарына түсіндіруді өтінген. Тағы біреулері сейсептен костюм тігіп беруін және ені бір метр болатын пластиктен жасалған бәліш әкеліп беруін сұраған. 

Сонымен қатар, туристер тоңазытқышта екі жүз көбелекті сақтауға бола ма, салтанатты той үшін биіктігі 1,8 метр болатын аңыздағы бір мүйізді жылқының мұздан жасалған мүсінін сақтауға бола ма деп сұраған.

Сондай-ақ, қонақүйден тікелей ұшу-қону аймағына шығатын жол салуды талап еткен, смокингке Swarovski кристалын тағуды және өзі үшін телефон қоңыраулары мен хабарламаларға жауап беруді өтінгендер де болған.