12 қараша күні таңғы сағат 9.00-де Алматы-Ташкент-Термез автожолының 725 шақырымында “DaewooNexia” автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, металл бағанаға соғылып, жол шетіне аударылған.
Оқиға орнында жүргізушінің үш туысы, соның ішінде кішкентай бала көз жұмды. Жүргізушінің өзі және тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Бұл жайтты полиция қызметкерлері Төлеби АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді. Сотқа дейінгі тергеуді Түркістан облысы ПД-нің анықтаушылары жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.