"Заңсыз байламдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда қалада 200 мың қума метрді құрайтын 9 мыңға жуық құдық тексерілді. Сондай-ақ 169 заңсыз жалғанған байлам анықталып, жойылды. 139 жеке және заңды тұлғаға ескерту жасалып, 31-не айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Мәселен, 7 қарашада К.Байсейітова көшесіндегі жеке жатақханадан тұрмыстық канализация жүйесінің (септик) нөсер кәрізі желілеріне заңсыз қосылғаны анықталды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін үй иесіне 55 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Қалада тасқын судың алдын алу шаралары аясында нөсер кәрізі желілері мен арықтарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Маусымнан бері елордада 32 124 метр коллекторлар, 3,5 мың құдық пен нөсер суының сүзгілері, 27 549 қума метр арық желілері тазартылды.
Сондай-ақ тазарту құрылғылары мен сорғы станцияларының 17 қабылдау картасы тазартылды. 36 сорғы станциясына тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Иманбаев, Сейфуллин, Абай, Бараев, Ташенов, Амман, Сауран көшелері мен Бөгенбай даңғылы бойында 67-ден астам бітеліп қалған құдық пен жаңбырға арналған суғар анықталып, қалпына келтірілді.
"Көшеде автобус жолағын су басудың алдын алу үшін Бараев көшесі №16 үй аумағында жаңбыр суына арналған қосымша құдықтар орнатылып, осы учаскедегі негізгі коллекторға жалғау жұмыстары жүргізілді. Мамандандырылған ХҚКО ауданында 2000 метрлік бөгет салынды. Сарыарқа ауданының Агроқалашық тұрғын алабында суағарлар орнату бойынша жұмыстар аяқталды - Сүмбе көшесінде - 160 м Д300, 5 құдық орнатылды", - деп хабарлады Elorda Eco System.
Су құбырларын реттеу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 60 метрлік магистральды қамтыды.