Коронавирус • 13 Қараша, 2020

Соңғы тәулікте Алматыда 77 адамның індет жұқтырғаны анықталды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала билігі COVID-19 жұқтырғандар көбейе бастағандықтан, алматылықтарды адамдар көп шоғырланған орындардан аулақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы тәулікте Алматыда 77 адамның індет жұқтырғаны анықталды

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті тұрғындардың назарын коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар қатарының едәуір өскеніне аударады.

Санитарлық-эпидемиялық ахуал ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық ушығуы салдарынан күрделене бастады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған науқастар қатарының 2,2 есеге өскені байқалады.

Халықтың барлық жастағы топтарының КВИ ауруына шалдығу деңгейінің артуы ерекше алаңдаушылық туғызуда. 22 қазаннан бастап науқастар саны көбейген. Тек соңғы тәулікте ғана тұрғындар арасында КВИ жұқтырудың 77 оқиғасы тіркелген.

Адамдар көп шоғырланған орындарда КВИ жұқтыру салдарынан қоғамда эпидемиялық процестер өрши түсуде. Жүргізілген эпидемиологиялық сараптамалар нәтижесінде инфекцияның 53%-ының қоғамдық көлікте, 23%-ының - үй жағдайында, 17% -ының қоғамдық орындарда жұғатындығы анықталды.

Сондықтан Алматының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қала тұрғындарына профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады. Біріншіден, адамдар көп жиналатын орындардан, әсіресе 65-тен асқан адамдардың аулақ болғаны жөн. Екіншіден, маска тағып, қоғамдық орындарда, мысалы, дүкендерде, дәріханаларда және т.б. әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет.

ЖРВИ белгілері байқалса үйден шықпай, дәрігерді үйге шақыру керек. Өзіңізді өзіңіз емдемеңіз, балаларды және егде жастағы отбасы мүшелерін жеке бөлмеде оқшаулап, жанашыр болыңыз.