"Экологияның бұзылуы адам баласының денсаулығына теріс әсер ететінін білеміз. Соңғы 2-3 жылда 100 мың адамға шаққанда өңірде онкологиялық аурулар көрсеткіші жасарып бара жатыр. Бұл – өзекті мәселе", деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің мәліметіне сүйенсек, өңірде онкологиялық ауруға 4100-ден астам адам шалқықан.
"Оның үш мыңнан астам емдеуден өткен. Қатерлі дертке шалдыққандарды емдеу үшін рентген аппараттары, цифрлық момографтар, компьютерлік томография, МРТ аппараттары бір жүйеге қосылды. Бұл жүйе онкологиялық ауруды ерте сатыда анықтап, науқасты дер уақытында емдеуге жол ашады", дейді әкім.