Елорда • 15 Қараша, 2020

ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды

644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЖЭО қазандықтарының жұмысын газға ауыстыру қоршаған ортаға көмір шаңы, күкірт сияқты зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды

"ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды. Бүгін газ қазандықтары ресми түрде іске қосылды. Ол үшін бірнеше ай бойы жабдықтарды ауыстыру, қорғау, желдету және газ шаруашылығы жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалған қазандықтарды газға ауыстыру жұмыстары жалғасады.

1

ЖЭО қазандықтарының жұмысын газға ауыстыру қоршаған ортаға көмір шаңы, күкірт сияқты зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады.

Сонымен қатар, 19 әлеуметтік нысанды автономды қазандықтардан газға көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер). Сонымен бірге елді-мекендердергі жеке сектордағы үйлер газға көшіріле бастады”, деп жазды Алтай Көлгінов.