Аймақтар • 15 Қараша, 2020

"Дәрігерлерге рақмет" фотокөрмесі ұйымдастырылды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеудесін оққа тосқан жауынгерлердей коронавирус індетімен алдыңғы шепте күресіп жүрген дәрігерлер қандай да болсын, құрметке лайық. Өскемедік жастар ақ халатты абзал жандарға құрмет ретінде дәрігерлердің фотосуреттерінен тұратын көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Дәрігерлерге рақмет" фотокөрмесі ұйымдастырылды

Н.Назарбаев даңғылындағы жерүсті өткеліне індетпен арпалысып жүрген бірқатар медицина қызметкерлерінің фотосуреттері ілініп, есімдері жазылды. Олардың ішінде дәрігерлер, медбикелер, жедел жәрдем жүргізушілері, фельдшерлер бар.

"Қала тұрғындары мен қонақтары короновирус инфекциясымен күресіп жүрген дәрігерлерді танысын деген оймен жерүсті өткелінде фотокөрме ұйымдастырдық. Әрине музейде өткізуге болар еді. Бірақ, елдегі жағдайға байланысты ол мүмкін емес. Бір жағына жер үсті өткелімен әрі-бері жүретін халық көп", дейді Айбота Шаңжың.

Дәрігерлерге құрмет көрсетіп, есімдерін таныту мақсатындағы көрмеге Қазақстан волонтерлар лигасының Өскемен қаласындағы филиалы мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері мұрындық болды.