Оқиға • 16 Қараша, 2020

Жүзден жүйріктер анықталды

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда «Назарбаев орталығының» жаңа ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім білгіш?» интеллектуалды-та­нымдық ойыны бойынша жо­ғарғы сынып оқушылары арасында ұйым­дастырылған турнирдің фи­налдық ойыны мен марапаттау рәсімі өтті.

Жүзден жүйріктер анықталды

Дарынды балаларды анықтап, олар­дың танымдық қызығушылықтарын ояту, оқу­шылардың мәдени және білім дең­гейін көтеру, сондай-ақ мектеп оқу­шы­лары арасында бос уақытты тиімді ұйымдас­тыруға ықпал етуді мақсат тұт­қан шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры­ның жобалау офисінің жетекшісі З.Түрк­менбаева, Мемлекеттік тілді дамыту қо­рының басшысы Азат Шәуеев қатысты.

Айта кетейік, «Кім білгіш?» турнирі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл ойын спорт, өнер, әлем, тарих, табиғат, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 40 000-нан астам сұрақтардан тұратын тұңғыш отандық мобильді қосымша. Турнир қатысушылардың таңдауы бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізілді.

Осы жылы оқушылар республиканың әр өңірінен белсенділік танытып, 3000-ға жуық мектеп оқушылары қатысты. Ойынның екі кезеңі онлайн режімде, ал қорытынды финал елордада өткізілді. Осылайша, қазақтілді ойыншылар арасында 1-орынға Түркістан облысының Күлтөбе негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жолтай Гүлайым, 2-орынға Ақмола облысының №2 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қантай Дәулет, 3-орынға Ақ­мола облысының №2 орта мекте­бінің 10-сынып оқушысы Асылбек Ботагөз ие болды.

Ал орыстілді ойыншылар арасында 1-орын Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №4 орта мектебінің 11-сынып оқушысы А.Седоваға, 2-орын Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №8 орта мектебінің 11-сынып оқушысы М.Новакқа, 3-орын Жам­­был облысы, Тараз қаласы, №3 мек­теп-лицейінің 11-сынып оқушысы А.Орын­басарға табысталды. Турнир же­ңім­паздарына «2020 жылдың ең ақыл­ды оқушысы» атты арнайы диплом мен ноут­бук сияқты бағалы сыйлықтар бе­рілді.

«Іс-шара балаларға бәсекелестік рухын сезінуге, өздерін және өздерінің білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік берді», деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы А.Шәуеев.