27 Қараша, 2013

Теміржол – ел экономикасының күретамырына айналуы тиіс

1254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

А.Мамин компанияның 2016 жылға қарай Қазақ­станның өңірлік көлік-ло­гистика хабы ретінде қалып­тасуына бағытталған қызметі жөнінде хабардар етті.

Мемлекет басшысы 2014 жылы пайдалануға беру жоспарланған Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желілерін іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Олар Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы халықаралық көлік дәліздерін үйлестіруді оңтайландырып, Достық – Ақтау бағытындағы арақашықтықты 748 шақы­рым­ға қысқартуға тиіс.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ прези­ден­ті «Қазақстан – жаңа Жі­бек жолы» ауқымды бағ­дарламасын іске асыру туралы айтты, оның аясында транзит әлеуетін арттыруға, ішкі және шетелдік көлік-логистика жүйесін қалып­тас­тыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан ар­қы­лы Еуропа – Азия бағыты бо­йынша контейнерлік 14 шаттл-пойыз тұрақты түрде жү­ріп тұрады. 2014 жылдың ба­сын­да Қытай – Ор­талық Азия және Қытай – Еуропа ба­ғыттары бо­йынша тағы 3 кон­тейнерлік по­йыз ұйымдастыру жоспарлануда.

А.Мамин екі жылда Қазақ­станда жекеменшік сек­тор­дың қатысуымен көлік-логистика орталықтарының желісі толық қалыптастырылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, 2014 жылы солтүстік бағыттағы Ақтау теңіз портын дамыту жобасы аяқталады.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар