Қазақстан • 16 Қараша, 2020

Алайғыр кен-байыту конбинаты қашан іске қосылады?

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ хабарлауынша, "Алайғыр" БК" ЖШС Қарағанды облысындағы Алайғыр кен-байыту комбинатын (ТБК) салу жобасы бойынша EPC-келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алайғыр кен-байыту конбинаты қашан іске қосылады?

Құрамына 3 қазақстандық компания кіретін Консорциум: "Темір Зат" ЖШС, "BauProjekt"  ЖШС және "MCI Group" ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, байыту фабрикасына арналған жабдықты салуды және жеткізуді жүзеге асыратын болады.

"Ашық тендер қорытындысы бойынша Конкурстық комиссия консорциумның өтінімін жеңімпаз деп анықтады. Барлық корпоративтік процедуралардан өткеннен кейін EPC келісімшартына қол қойылды. Мердігерлердің осындай нысандарда оң жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді", деді "Алайғыр" БК" ЖШС Бас директоры Данель Скаков.

Кен-байыту комбинаты құрылысы кезеңінде 253 адам жұмыспен қамтылады, пайдалануға берілгеннен кейін нысанда 400-ден астам жұмыс орны құрылады. Алайғыр КБК құрылысына салынған инвестиция көлемі 128,5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі уақытта келесі нысандар пайдалануға берілді: екі электр подстанциясы, 143 км 110 кВ жоғары вольтты желі және 21 км технологиялық магистраль. Тау-кен жұмыстарына дайындық жұмыстары іс жүзінде аяқталды, инфрақұрылым нысандарының құрылысы жалғасуда. 2022 жылдың аяғына дейін Кен байыту комбинаты жобалық қуатына (900 мың тонна кен) жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Алайғыр" БК" ЖШС 2011 жылдың 20 қазанында құрылды, қатысу үлесінің 100% "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ тиесілі.

"Алайғыр" БК" ЖШС Қарағанды​​облысында, Қарқаралы мен Шет облыстарының шекарасында, Қарағанды ​​қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 км жерде орналасқан Алайғыр  полиметалл кен орнын игерумен айналысады. Кен орнының расталған қоры-шамамен 1 млн тонна қорғасынға тең.