Аймақтар • 16 Қараша, 2020

СҚО-ның 9 блок-бекетінде полиция мен медицина қызметкерлері күзетте

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда 43 полиция қызметкері 9 блок-бекетте тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Олардың бәрінің жанында медицина қызметкерлері де бар. Петропавл қаласының айналасында 5 блок-бекет болса, М.Жұмабаев, Мамлют, Аққайың аудандарында барлығы 4 бекет ұйымдастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz

СҚО-ның 9 блок-бекетінде полиция мен медицина қызметкерлері күзетте

Күзетшілер екі ауысыммен тәулік бойы кезекшілік атқарады. Бұлардан басқа Есіл, Ақжар және Уәлиханов аудандарында және Ресей Федерациясымен арадағы шекарада үш санитарлық бекет ұйымдастырылған.

Жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуына қарағанда блок-бекеттер қойылғаннан бері 22 266 көлік тексерілген, олардың ішінде 11776 кірген, қалғаны шыққан көліктер. Транзитпен өткен көлік саны 3720 болған. Қалаға кіретін көліктердегі барлық адамдарда ПЦР тестен өткендігі туралы анықтама болуы керек. Тек медицина қызметкерлері мен азық-түлік тасығандарға ғана бұл талап қойылмайды.

Солтүстік Қазақстан облысы