Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, наурыздан бері 11 435 адамнан қауіпті індет анықталған. Оның ішінде 11 202 пациент емделіп шыққан.
"Өткен тәулікте 14 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталды. Науқастардың бесеуі Атырау қаласында тіркелді. Сондай-ақ, Индер ауданында – 8, Исатай ауданында 1 адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды. Бір адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде. Қазір 99 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 24 науқас ем қабылдап жатыр", деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Атырауда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тіркелмеген.