Парламент • 16 Қараша, 2020

Сенаторлар 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарайды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығық етуімен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін талқылап, Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын Комитеттерге бөліп берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенаторлар 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарайды

Сенаттың кезекті отырысы 2020 жылдың 19 қарашасында өтеді. Соның барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт турал" заңының жобасын қарайды. Палата отырысында "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы да қаралады.

Сонымен қатар Бюрода Мәжілістен келіп түскен екі заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне берілді. Олар: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары.