Қазақстан • 16 Қараша, 2020

Түркі академиясының мәртебесі туралы келісімге қол қойылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Түркі академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркі академиясының мәртебесі туралы келісімге қол қойылды

Аталған келісім Академияның мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитетін, сондай-ақ мүлкіне қатысты мәселелерді айқындайды.

Түркі Академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылғы 25 мамырда құрылды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Түркі Академиясының мүшелері - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.