Аймақтар • 16 Қараша, 2020

Қажымұқан Мұңайтпасұлының мемориалдық кешені салынады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлының мемориалдық кешені құрылысы 2021 жылы басталады. Бұл туралы өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қажымұқан Мұңайтпасұлының мемориалдық кешені салынады

"Қажымұқан Мұңайт пасұлы біздің атақты жерлесіміз. Келер жылы мерейтойы өтеді. Соған байланысты жұртшылықтың ұсынысымен Ордабасы ауданында Қажымұқан атамыздың үлкен мемориалды кешенін салу қажет деген бастама көтерілді. Оған арнайы қаржы бөліп, тиісті құжаттарын дайындадық. Қазір сметалық-жобалау құжаты дайын. Тиісті министрлік арқылы Үкіметке ұсындық. Ол жерде қаржы мәселесі шешілетін болса, онда келесі жылы кешен құрылысын бастаймыз", деді Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 2021 жылы қазақтың белгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойы өтеді. Соған орай Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Қажымұқанға мемориалдық кешен салынатын болып жоспарланған. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысанның құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталып, 2021 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді.

Алайда, таяуда сенатор Әлімжан Құртаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, онда Қ. Мұңайтпасұлының мемориалдық кешенін салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбей отырғанын айтқан болатын.