Аймақтар • 16 Қараша, 2020

1 желтоқсаннан бастап Түркістанға ұшақ қатынайды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына әуе рейстері ұшуды бастайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 желтоқсаннан бастап Түркістанға ұшақ қатынайды

"Өңірдің әлеуеті мен туризм саласын көтеретін бірден-бір ірі мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жүргізіліп жатқан Түркістан қаласының халықаралық әуежайының құрылысын атап өтуге болады. Аталған жоба 2019 жылдың шілде айында басталып, биыл қыркүйек айында техникалық бөлігі іске қосылды. 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына әуе рейстері ұшуды бастайды", деді Ө.Шөкеев.

Сондай-ақ әкім әкімшілік іскерлік орталығында жалпы ауданы 773,6 мың шаршы метр немесе 9 052 пәтерді құрайтын 177 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқанын айтты. Жыл қорытындысы бойынша 40 үйдің құрылысы аяқталып, 1 822 пәтер пайдалануға беріледі.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/1-zheltoksannan-bastap-turkistanga-ushak-katynaydy_a3719095