"Ембімұнайгаз" АҚ соңғы жылдары кен алаңдарында горизонталды ұңғымаларды бұрғылау технологиясын белсенді қолдануды қолға алды. Аталған технология – байырғы кен алаңдарында қалған қорды игеруге жол ашатын әдіс.
"Бұл вертикалды ұңғымаларды алмастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қоршаған ортаға тасталар зиянды қалдықтардың көлемі азаяды. Мұндай әдіс игерілуі қиын кен орындарының өнім беру мерзімін ұзартады. Горизонталды ұңғымаларды бұрғылау әдісінің тиімділігі дәлелденді. Оның өнімділігі вертикалды ұңғымаларға қарағанда 8-10 есе жоғары болды. Сол себептен, 2021 жылы тек горизонталды ұңғымаларды бұрғылау жоспарланып отыр", дейді "Ембімұнайгаз" АҚ-ның кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қайрат Көзов.
"Ембімұнайгаз" АҚ-ның кен алаңдарында екі жылда 14 горизонталды ұңғыма қазылған. Соның ішінде Гран кен орнындағы ең ұзын горизонталды секциясы да бар. Оның ұзындығы 1 шақырымға жуықтайды.