Аймақтар • 16 Қараша, 2020

Елорда көшелерінде тағы 1 000 қауіпсіздік камерасы пайда болады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы аясында бейнебақылау камераларын қосымша орнату басталады. Алдағы уақытта қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында 1 мың камера орнатылады.

Елорда көшелерінде тағы 1 000 қауіпсіздік камерасы пайда болады

Бейнебақылау камераларымен тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және саябақ аймақтары қамтылады. Бұл бастама құқық бұзушылық пен ұрлық санын азайтуға бағытталған.

Қарқынды өзгерістер уақыты мен азаматтардың қауіпсіздігі қала ауқымында технологиялық шешімдерді талап етеді. «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы – бұл бастаманың алғашқы қадамы.

Жобаның мәні көп пәтерлі үйлердің аулаларын ауланы абаттандырудың бұзылуын және қауіпсіздігін қадағалайтын бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету болып табылады.

Құрылғылардың негізгі функциялары – әр түрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін бейнетіркеу және деректерді интеграцияланған өңдеу.

Қазіргі уақытта жаңа процестер мен құралдарды апробациялау жүргізілуде. Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу үшін аулалардағы жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ биылғы жылы жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілердің және басқа да шұғыл әрекет ету қызметтерінің аула аумағына кедергісіз өтуі үшін тәуліктің кез келген уақытында шлагбаумдарды автоматты түрде ашуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «ақылды шлагбаум» пилоттық жобасы іске қосылды.