Аймақтар • 16 Қараша, 2020

6 өңірде дауылды ескерту жарияланды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 17 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

6 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

17-19 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады.

17 қарашада күндіз, 18-19 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 25 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с артады. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.