Аймақтар • 16 Қараша, 2020

"Мақтаарал тұрғындарына көмек" акциясы әлі жалғасуда

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында орын алған су апаты салдарынан Мырзакент кентінде жаңадан бой көтерген мөлтек ауданға көшіп барған Жеңіс ауылының тұрғындарына азық-түлік таратылды. "Мақтаарал тұрғындарына көмек" деп аталатын қайырымдылық шараны "Мейірім шуағы" және "Атырау Рауан" қоғамдық қорлары ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Мақтаарал тұрғындарына көмек" акциясы әлі жалғасуда

Жалпы әрбір үйге таратылған азық-түліктің құрамында ұн, ақ май, күріш және макарон өнімдері бар. Келген қайырымдылық көмекке разы болған Жеңіс ауылының тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, 7 айдан бері бір сәтте толастамаған гумманитарлық көмектер үшін Қазақ еліне өз ризашылықтарын білдірді.

Өзбекстан Республикасындағы Сардаба су қоймасының апатқа ұшырауы салдарынан 2020 жылдың 1 мамыр күні ең бірінші болып Мақтаарал ауданындағы Жеңіс ауылын су басқан болатын. Қазіргі таңда барша ауыл тұрғындары аудан орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағын аудандағы үйлерге қоныстанып алған. 

66

Aйта кетейік, алғаш су басу оқиғасы орын алған күннен бастап қазіргі таңға дейін Мақтаарал ауданына Қазақстанның түрлі облыстарынан 1000 тоннадан астам гумманитарлық көмектер келді.