Саясат • 17 Қараша, 2020

Құқық қорғаушыларды кім қорғайды?

227 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жел үп етпесе, шөптің басы қимылдай ма? Кім білсін, әйтеуір соңғы уақытта Шығыстағы құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты шағым шаш етектен. Жергілікті билікке деген сенімнің жоқтығы ма, шағымданушылардың көбі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан қолдау сұрайды.

Құқық қорғаушыларды кім қорғайды?

Естіген құлақтың жазығы жоқ ғой, былайғы жұрт «бәленбай жерге жұмысқа орналасу үшін бәленбай мың, мил­лион теңге ставка бар» десіп қалып жатады. Нақты дәлел, ашық айтылған пікір болмаған соң ол тақырып жө­нінде ауыз аша бермейтініміз шындық. Бірақ осы жолы «zha­lobi.kz» сайтына жариялаған Се­мей қалалық полиция бөлі­мі бас­шы­лығының заңсыз әре­кет­тері жөніндегі жазбаға көз жұма қа­рай алмадық. Ша­ғым аталмыш сайтқа 16 қазанда, орыс ті­­лін­­де жазылыпты. Қазақстан Рес­­пуб­­­ликасының Президенті Қ.Тоқаевтың, Сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы қыз­­­меттің бас­шысы АШпек­­­­баев­­­­­­­­­­­тың, ҰҚК төрағасы К.Мә­сі­­мов­тің аты­­­­­на жазылған ша­ғым­ды оқып шығып, қа­­зақ­ша­ладық.

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мақсат Амантайұлы Зекеновке және оның «қорғаушысы» Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Т.К.Исаевқа қатысты шаралар қа­былдауды сұраймыз. Олар қыз­мет­ке тағайындалған алғашқы күн­нен-ақ Семей қаласының жеке құ­рамын бопсалаумен айналы­са бастады. Зекенов қалалық полиция бөлімдерінің барлық басшыларынан ай сайын 10 000 доллардан, ал барлық қызмет жетек­шілерінен 3000 доллардан 7000 дол­ларға дейін ақша жинау керектігін бел­гілеп қойған. Осылайша, Зекенов Исаев­пен бірге полиция қызметкерлерін жұмыс істетуден бұрын металл қабыл­дағыштардан, спирт жабушылардан, алтынмен айналысушылардан, сауналардан ай сайын ақша жинаумен айналысуға мәжбүрлейді. Көрсетілген есеп-қисап құр сан ғана,  ешкім қылмыс ашумен айна­лыс­­пайды, кез келген іс жалған, сапасыз.

Зекенов полиция бөлімінің бас­тығы лауазымына тағайын­дал­ғаны үшін өзіне «қорған» болып жүрген азаматқа 80 000 доллар бергені белгілі. Ол өз үлесін қалдырып, қалған 50 000 долларды департамент бастығы Сағат Кентайұлы Мә­диевке берген. Өйткені Исаев пен Мәдиев өте жақын еді. Бұл жағдайды Семей қалалық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы біледі.  Облыстағы барлық тағайын­­даулар Т.Исаев арқылы өтеді. Ол лауазымды қызметкерлерге ай са­йын ставка мөлшерін қойып, белгіленіп кеткендерді қамқорлығына алады.

Семей қаласының Полиция бөлі­мінен құпия материал­дар және құпияланған қылмыс­тық істер жоғалып, оған Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті қыл­мыстық іс қозғап, артынша тоқ­татып тастаған. Сөйт­сек, Исаев 5-ші басқарма бастығына шығып, Семейден жиналған ақшамен мәселені шешкен.

Исаев пен Зекенов бір-бірі­мен құрдас, әрі жерлес. Сол себепті Исаев оны депар­тамент басшылығының алдында қорғаштайды. Ал жауапқа тартылмайтынын сезген Зеке­нов қылмыспен күрестен гө­рі жеке құрамнан ақша жинап, өзіне қымбат көліктер са­тып алумен айналысады. Мы­салы, басшылық қызметке тағайын­далған соң автосалон­нан өзіне «Toyota Hillux», әйе­ліне «Toyota Camry» көлігін сатып алған. Сонымен қатар қызметкерлерден жиналған ақ­шаға аңшылыққа арнайы жаб­дықталған «Toyota Prado» кө­лігін тапсырыспен құрас­тыртқан. Одан бөлек, Алма­тыдағы автосалоннан 2020 жы­лы шығарылған «Lexus 570» кө­лігін сатып алған. Алайда тамыз айының соңына қарай жоспар­лаған кезекті еңбек демалысы болмай қалып, су жаңа көлігін жеткізе алмаған.

Міне, осындай жемқорлар­дың кесі­рінен еліміз дамымай отыр. Бір отба­сыға 10 көлік, үш коттедж және Нұр-Сұл­таннан 5 пәтер не үшін қажет? Айына 350 000 теңге жалақы алатын қарапайым по­лиция полков­нигіне осыншама ақша қайдан келеді? Сіздерден осы басшы­ны және оның қорғаны Исаев Талантты жұмыстан босату­ларыңызды сұраймыз» делінген екен шағымда.

Соңына қарай шағым авторы «Sl.Ashat» деп көрсетілген. Демек, хат ано­нимді. Ал мәсе­ленің ақ-қарасы облыс дең­гейін­де тексерілетін көрінеді. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, ано­нимді өтініште көрсетіл­ген дәлелдерді қызметтік тергеу аясында Шығыс Қазақ­стан облыстық Полиция депар­таментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеретін болады. Ең бастысы, бармақ басты көз қыстылыққа жол беріліп қоймай, әділ тексеру болса болғаны. Әйтпесе құ­қық қорғаушылардың құқығын кім қор­ғайды?

 

Шығыс Қазақстан облысы