Білім • 17 Қараша, 2020

Химия өнеркәсібіне серпіліс қажет

441 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

Еліміз ойшыл философ, әлеу­мет­танушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист және музыкатанушы Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығын атап өтіп жатыр. Әл-Фарабидің толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед әл- Фараби (Мұхаммед ибн Ұзлағ Тархани). Ол Аристотельден кейін дүние жүзіне танымал ойшыл ғалым және энциклопедист. Әл-Фарабиден басқа Қазақ­стан­ның оңтүстік өңірінде өшпес із қалдырған Қожа Ахмет Ясауи, Исхак әл-Фараби, Мұхаммед Зарнуки, Сүлеймен Бақырғани, Исмаил әл-Жаухари, Ахмет Игү­не­ки, Мұхаммед Хайдар Дула­ти, Сарыұлы Ақтамберді, Мұхам­мед Хорезми және көптеген басқа атақты педагог-ғалымдар, ғалым-практиктер, инженерлер мен ака­демиктер дүниеге келді.

Химия өнеркәсібіне серпіліс қажет

Өткен ғасырдың ортасындағы ғы­лыми-техникалық прогресс және онымен байланысты бұ­рын­ғы Кеңес Одағын және егемен мемлекеттерінің тәуел­сіз­дік алған жылдарындағы өнер­кә­сіптің химия және мұнай-химия салаларының өндірістік ке­шен­дерінің, агроөнеркәсіп ке­ше­ні­нің, логистика мен алуан кө­лік түрлерінің, маңызды жер аудан­да­рының ирригациясының орасан зор ауқымдары, кейде бір­қа­тар объективті және субъек­тив­ті себептерге орай жағымсыз сал­дар­лар­ға әкеліп отырды.

Осы жағымсыз салдарлардың негізгі себептерінің бірі ретінде нарықтық өмір сүру жағдайында біз­дің жас әрі тәуелсіз мемле­ке­­тіміздің қалыптасу дәуірінде пай­далы қазбалардың көл-кө­сір байлықтарына рақымсыз және жауапсыз қарауымызды ай­ту­ға болады. Табиғатқа деген осындай қарым-қатынас қор­шаған ортаның жағдайын күрт нашар­латты: суаттардың, топы­рақ пен атмосфераның өнер­кә­сіп­тер мен өндірістердің ғана емес, сондай-ақ үлкен қала­лар­дың, ауыл­шаруашылық кент­те­рінің, кен өндіретін кешен кә­сіп­о­рын­да­­рының қатты, сұйық және газ тә­різді қалдықтарымен, үлкен химия­ландыру дәуірінен кейін қалып қойған фосфор сала тармағының, мұнай өнді­р­етін және қайта өңдеу­ші сала­ның, түсті металлургия мен олар­дың кеніштерінің бірне­ше мил­лион­да­ған тонна техногенді қал­дық­­та­рымен ластануына алып келді.

Жекелеген жұмыс орындарын­да бұрынғы Қазақ химия-техно­ло­гия институтының, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың бей­ор­­га­никалық және органикалық заттар, механика, құрылыс және басқа да мамандықтарын бітіруші­ле­рінің 80%-ға жуығы жұмыс істеген Шымкент, Жамбыл, Жа­ңа­тас, Қаратау, Ақтөбе және Алға қалаларының ірі фосфор, барит­­тер және хромқосылыстары мен ферробалқыма зауыттарынан құралған химия өнеркәсібі мен минералды тыңайтқыштар өндірісінің қалыптасуы туралы айтқанда, біз бейорганикалық заттар технологиясының негізгі бағыттарының бірі улы химикаттар, пестицидтер, фунгицидтер мен дефолианттар алу туралы ұмыттық. Өйткені осы заттар бізді қоршаған ортаны қорғауға тікелей қатысы бар. Бұл мәселелермен кезінде А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдарының салалық институттары, А.А.Успанов атындағы Топырақтану және агрохимия ҚазҒЗИ, Ж.Жиенбаев атындағы «Өсімдік қорғау және карантин» Қазақ ғылыми-зерттеу институты шұғыл­данды.

Химия өнеркәсібінің фосфор­лық сала тармағы Қаратау мен Шиелісай фосфориттерінің бас­сейні маңызды қорларына негіз­де­леді. Мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі Оңтүстік-Батыс және Батыс өңірлерінің мұна­йы мен газ кен шоғырларына сүйе­неді, қара және түсті металлургия Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының және оңтүстік өңірлерінің метал­лур­гиялық шикізат қорларына негізделеді. Химия өнеркәсібінің түрлі тұздарының қарқынды дамуы Батыс, Солтүстік және Оң­түс­тік облыстарында, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Хромтау, Қа­ра­­ғанды, Павлодар, Өскемен, Қызылорда, Орал және т.б. қала­лар­да орналасқан салалық инс­титут­­тардың жұмыстарынан бас­тау алады.

Д.И.Менделеевтің кестесіндегі 110 элементтің 99-ы біздің елі­міз­дің жер қойнауынан табыл­ға­ны белгілі, соның 78 элементі барланды, 60-тан астам элемент қолданылып келеді. Кеңес Одағы құрамында болған тұста Қазақстанның үлесіне 64,7% фосфориттер, 81,7% бариттер, 20,1% асбест пайдалы қазбалар шоғыры құрады. Республика КСРО-да сары фосфордың 90%-ға жуығын, азықтық фосфаттар мен кальций кар­бидінің 40%-ын шығарды.

Қазақстанда химия өнер­кә­сі­бі­нің қалыптасуы мен дамуы Бөген, Арыс және Шаян өзендерінің бо­йында өсетін дермене мен итсигек, жабайы тұзды кендер мен ұсақ сабын қайнататын және желім қай­на­татын кәсіпорындар базасында Шымкент сантонин зауытын салудан басталды. Әлемдік тәжірибе көрсет­кен­дей, химия өнеркәсібі ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін анықтайды да, кез келген мемлекет экономикасының даму критерийі болып табылады.

Қазақстанда химия өнеркәсібі фосфорлық сала тармағына ғана негізделмеген. Оның құрамына хлор, каустикалық және қақталған сода, хром қосылыстары, күкірт қышқылы, мұнай-химиялық өнімдер өндірісі кіреді. «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ ТМД-дағы хром қосылыстарын өндірушілердің үшеуінің бірі болып келеді. Кәсіпорын Ақтөбе облысында өндірілетін натрий бихроматын, хром тотығын, хром ангидридін, хром сульфатын, хромит кенінен алынған хром илегіш шығаруға бағытталған. Хром тұз­да­рының 90%-дан астамын АХҚЗ алыс және жақын шетел елдеріне экспорттайды.

Хлор өндіру бойынша әлемдік қуат АҚШ (30%), Азия және Мұхит елдері (25%), Ресей, Үндістан өндірушілеріне сүйенеді. Хлордың барынша көп тұт­ы­­ныл­­уы фармацевтиканы қоса алғанда, химикаттар, металл өнді­рі­сінде, химиялық тазалау және элект­роникада, қағаз-целлюлоза өнер­­кәсібінде, су тазалауда және суды зарарсыздандыруда пайдала­ны­лады.

Бұрынғы Шымкент қорғасын зауыты мен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының мышьяк құрамды тозаңдарының мыңдаған тонналары өткен ғасырдың ортасында ғана емес, қазіргі таңда да ерекше алаңдаушылық тудырады.

Қазіргі таңда Өскемен қор­ға­­сын-мырыш зауытының
мы­шьяк құрамды шаң-тозаңы қай­та өңдеуге ұшырап, бағалы метал­дар алынады, ал бұрынғы Шым­кент қорғасын зауытының шаң-тозаңдары қала сыртындағы қал­дық қоймаларында көмілген және жерасты суларына еніп, орны тол­мас залал келтіруі мүмкін деп ай­ту­ға болады.

Жоғары білім беру жүйесі Қа­зақ­­станда ғана емес, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның көп­теген тәуел­сіз мемлекетінде Болон про­цесіне кіруімен бай­ла­ныс­­ты өзін­дік оң және теріс жақ­тар­ға ие ма­ңыз­ды өзгерістерге ұшы­­рады.

Біздің республикамыздың ғана емес, сондай-ақ КСРО-ның жоғары және орта-арнаулы білім жүйе­сінде жоғары рейтингке ие ҚазХТИ, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ алғашқылардың бірі болып осы оқыту жүйесіне көшті, химия-технологиялық және техникалық, сондай-ақ гу­ма­нитарлық білім бағ­дар­ла­ма­ла­рында да өз ұстаным­да­рына берік болып келеді, эко­но­миканың түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлауда алғаш­қы үштік құрамына кіреді, бұ­рын­ғы КСРО-ның басқа тәуелсіз мемлекеттерімен салыстырғанда, біздің көпұлтты еліміздің Ұлттық университеттерінен кем түспейді.

Біздің елдің индустриалды-экономикалық инфрақұрылымы дамыған оңтүстік өңірлердің ға­лым­дары барлық ұсынылған жұ­мыс­тар тек химиялық, мұнай-химия, металлургия және тау-кен өндірістерінің ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің технологиялық процестерін инно­ва­циялауға бағытталған.

Ардақ Сұлтанның «Ғалымдар азайып, қаржы көбейді» мақа­ла­­сын­да көрсетілгендей, Білім және ғылым министрлігінің ғылы­ми-зерттеу конкурстарына сәй­кес рес­пуб­ликамыздың халқы ең тығыз ор­наласқан Шымкент қаласы және Түркістан облысы алғашқы бес­ті­гі­не кіре алмады.

Жас ғалымдар байқауының нәтижелері бойынша М.Әуезов атын­дағы ОҚУ-дың тек екі жұ­мы­сы гранттық қаржы­лан­ды­ру­ға ие болды, оған 60-тан астам өтініш келіп түсті. Бұл ҰНЖ-да мил­лион­­даған тонна өндірістік қал­­дық­тар мен «Қазфосфат» ЖШС-нің тау-кен кешенінің баланс­­тан тыс кендері жиналған өнер­­кәсіптік аймақтардағы эколо­гия­­лық жағдай туралы білетін өкіл­де­рінің болмауына байланыс­ты болуы мүмкін. Қар­жы ресурс­­та­рын химия мен метал­лур­гия қал­­­­дықтарына бағыттау қажет. Ғы­­лымға салынған инвести­ция­лар­­дың «дәнінен» жалпы ішкі өнім өседі.

Осыған байланысты ғылыми ма­қа­ла­ларда қолданбалы әзірле­ме­лер­дің көпшілігінің өнертабыс­ты патенттер мен автор­лық куәлік­тер­­­ге негізделгенін ұмытпау керек. Ал ғылыми жобаларға ұсын­ған­­­­да жетекші ғалымдардан талап етілетіні – рейтингі жоғары ше­тел­дік басылымдар. Ол басы­лым­­дары квартиль алынған кезде тек ғылымның бағытты бір са­ла­сын ес­ке­реді. Біз ғылыми-зерт­­теу ішін­де өзара байланыс­ты ғылым­ның әр­түрлі салалы ба­ғыт­­­тарын қам­туын есі­мізде сақ­тауымыз ке­рек.

ҰҒА ЖАК рейтингті көрсет­кіш­теріне кіретін негізгі индекс­те­летін хабаршы журналдар дәстүрлі Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында орна­ласқан. Үшінші мегаполис пен еліміздің оңтүстік аймағы кірмейді. Бірақ осы өңірде жеке ЖОО-ны еске алмасақ та, 3 мемле­кет­тік және ірі өнеркәсіптік агро­өнер­кәсіптерде жұмысшылар мен білікті мамандары қызмет атқаратын 3 млн-нан астам халқы кө­бінесе жеміс-жидектермен Қазақ­с­танды қамтиды.

Мысалы, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің «Egemen Qаzaqstan» газетінің тілшісі Айдана Шотбайқызына (4 мамыр 2020 ж.) берген сұх­ба­тында кейбір тәуелсіз мемлекеттер бо­йынша: Қазақстан – 0,12%, Армения – 0,3%, Украина – 0,5%, Беларусь – 0,6%, Ресей Федерациясы – 1,2% және Оңтүстік Корея 5% ІЖӨ көлемінде ғылымды қар­жыландырудың кейбір сандарын атап өтті.

БҒМ-ның конкурстарына ғана емес, басқа ведомстволардың конкурстарына да беретін жобалық өтінімдердің көпшілігі шетелдік сараптамадан өтуі тиіс. Мұнда шетелдік сарапшылар негізді жо­ғары балл береді, ал өз ішімізде мемлекеттік сарапшылар төмен балл беріп өтінім материалдарына теріс шешім шығарады, көпшілік жұ­мыстар шет қалып қояды. Егер осылай болса, онда ғылымға бө­лі­не­тін аз ғана қаражатты шетелдік сарапшыларды тарту үшін талан-тараж етудің қажеті қанша?

Мысал ретінде, өзі жері аз және мұ­хитпен қоршалған Жапон елі бұрынғы Кеңес Одағында жарияланатын «Наука и техника» және «Химия и жизнь» журналдарына соңғы беттеріне басылатын қысқа мәліметтерді қолдана отырып, бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Екіншіден, біз еліміздің қауіп­сіздігін ойламай, құпия мәлі­мет­терді бостан-бос таратып жатыр­мыз.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың маңызды жетістіктерін айтар болсақ, «Табиғи және техногенді екіншілік шикізатты қайта өңдеу инновациялық технологиясын жасау мен ұйымдастыру» бойынша 2005 жылы ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтың оңтүстікқазақстандық 13 лауреатының 8-і – осы жоғары оқу орнының профессорлары.

2006 жылдан бастап қазірге дейінгі кезеңде университет 4 ғылыми жаңалыққа, өнертабыс және KZ пайдалы модельдері бойынша 250-ден астам патент, оның ішінде 5 еуразиялық патент алды. Олардың бірі «Кешенді органикалық-минералды тыңайт­қыштар алу тәсіліне» патент бо­йынша сағатына 500 кг қоспа тыңайтқыш өндіретін қондырғы монтаждалды, ал екіншісі – 167 құрамдас мемлекет мүше Берн Конвенциялы Халықаралық ав­тор­лық шығармалар депозитария­­­­­сы (Берн, Швецария) қолдаған «Получение пожаро – взрывопадавляющего состава на основе электротермофосфорного шлака и фосфогипса» шығармасы ( авторлары – Кожамжарова Д. П.,Мол­да­беков Ш.М., Жантасов К.Т., Нау­кенова А.С., Сапаргалиева Б. О.).

2016 жылғы википедия дерек­тері бойынша, қазақ химия-тех­ноло­гиялық институтын бі­тірген, осы институт қабыр­ғасында жұ­мыс істеген және М.Әуезов атын­да­ғы ОҚУ-да жұ­мыс істейтін бір­қа­тар ғалым «ХХ ғасырдың химигі», «ХХІ ғасырдың химигі», «КСРО химигі» және «Қазақстан химигі» болып атанды.

Университет 2018 жылы БҒМ конкурсына 217 өтінім берді, бірақ көптеген жоба өтпей қалды. 20-30 және одан жоғары балл алған жұмыстардың конкурс­тан өтпей, 16 балдан кем жинаған жұмыстардың гранттық-қаржы­лан­дыру жобаларына ие болуымен байланысты деп ойлаймыз.

Ауыл шаруашылығы минис­тр­­лі­гінің бағдарламалық-мақ­сат­­ты жұмыс­тары бойынша М.Әуезов атындағы ОҚУ 20-ға жуық жұмыс тапсырды, оның ішінде бірқатар жұмыс 30 және одан жоғары балға ие болды. Тікелей сараптама жүргізу кезінде баяндамаға 2 минут және талқылауға 3 минут бөле отырып, салалық ауыл­шар­уашылық ҒЗИ 30 және одан жоғары балл жинаған 100-ден аса жұмыстың ішінен небәрі 14 жобаға көңіл бөлді.

2019 жылы университет БҒМ жа­рия­лаған жас ғалымдарға ар­нал­ған конкурсқа 100-ге жуық өтінім берді, оның ішінде 14 өтінімді «Химиялық инженерия және био­технология» жоғары мектебі берді. Мұның барлығы М.Әуезов атын­да­ғы Оңтүстік Қазақстан уни­­вер­ситетінің маңызды потен­циал­ға ие екенін көрсетеді. Жоба­лар­­­ды жүзеге асыру ғылым мен тех­­никаның дамуына маңызды ықпал етеді, өңірде, сондай-ақ жалпы республикада маңызды әлеуметік-экономикалық әсерді қамтамасыз етеді. Мәселен, 2012-2014 жыл­дар­ға арналған БҒМ гранты бо­йын­ша «Сұр топырақтар үшін спецификалық ерекшеліктері бар поликомпонентті минералды тыңайтқыштар синтезі технологиясын жасау және ғылыми негіздерін әзірлеу» (90,39 млн теңге) жобасы әзірленген. Нә­ти­жесі – сағатына 500 кг өнді­ретін құрамында ылғал ұс­тайтын заттар, микроэлементтер мен гуматтар бар күрделі-аралас көпкомпонентті фосфор-калий және азотқұрамды құрғақ қос­па­тыңайтқыштар тәжіри­белік қондырғысы, «Кешен­ді орга­ни­калық минералды тыңайт­қыш­тарды алу тәсіліне» арналған №023417 еураз­ия­лық патенті және Қазақстан Респуб­лика­сының №27551 және 33805 патенттері, №25063, №26160, №27474, №31226 және №030649 Қазақстан Республикасының инновациялық патенттері.

 Жобаның жалғасы болып 2015-2017 жылдары «Экологиялық қауіп­­сіз­дікті қамтамасыз ету үшін ұзақ әсер ететін гумат құрам­ды күрделі-араласқан NРK- тыңайт­қыш­тарды қолдану кезінде қыза­нақ, сәбіз, және соя бұршақ дақыл­дарындағы санитарлық-эпиде­мия­лық, ток­­си­кологиялық және радио­ло­гиялық қосылыстар құра­мы­ның өзгерісін зерттеу» (27,5 млн теңге) тақырыбында жүргі­зіл­­ген. Мұның өзі белгілі бір дәрежеде шығарылатын фосфор, калий, ылғалұстағыш, гумат және микротыңайтқыштар құрамды тукоқоспалы өнімдер­дің ассортиментіне арналған төмен сұрыпты фосфат шикі­за­тын өңдеуге жұмсалатын эконо­ми­ка­лық шығындарды 20-25%-ға азайтуға, сол арқылы өндіріс ауқымын 20-25%-ға ұлғайтуға, қоспатыңайтқыш өнімінің өзіндік құнын 2-3 есе төмендетуге, жұқалап жаншылған фосфат шикізатының экстракция сатысын жоюға және экстрациялық фосфат қышқылы мен минералды тыңайтқыш алуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ғылыми-зерттеу және тә­жіри­белі жұмыстарға А.А.Успа­нов атындағы агрохимия және топырақтану ҚазҒЗИ, Ж.Жиен­баев атындағы өсімдік қорғау және карантин ҚазҒЗИ, «Ұлттық сарап­тама және сертификаттау ор­талығы» Алматы филиалы, Бе­ла­русь мемлекеттік техно­ло­гия­лық университеті мен «Тамақ өнім­­дерінің сапасын бақылау бо­­йынша сынақ зертханасы», Бе­ла­ру­сь республикалық сапа бойынша бақылау-сынақ кешені, тамақ өнімдерінің сапасын сараптау мен сертификаттау орталығы қатысты.

2015 жылдан бастап құрамында АС-500 диірмені бар қондырғы оқу процесіне ендіріліп «Зауытты жобалау және жабдықтау негіздері», «Минералды тыңайтқыштарды өндірудің қазіргі заманғы техноло­гия­лары», «Өндірістерді жоба­лау және жабдықтау негіз­де­рі», «Кешенді күрделі-аралас тыңайт­­­қыштар алу технологиялары», «Құрамында фосфор бар ке­шен­ді тыңайтқыштар алудың ин­но­ва­ция­лық технологиялары» және т.б. пәндер бойынша мем­ле­кеттік, ағылшын және орыс тіл­дерінде студенттерге, магис­тра­ту­ра және докторантура тың­дау­шы­ла­рына сабақ өткізіледі.

Әзірленген технология бо­йынша «ЖАМБ-70» көп­ком­по­нентті қоспа тыңайтқыш өні­мін шығару инвестицияның жоқ­ты­ғынан тоқтап тұр. «ЖАМБ-70» тыңайтқыш қос­па­­лары агро­хи­­миялық тех­но­ло­гияға 2018 жылы Қазығұрт ауда­­­нында орна­лас­қан «Жантас» қожа­­­лығында және Сарыағаш ауда­­­­нындағы «Алтынай» қожалы­ғын­­­да қолда­ны­лып, енгізілді.

ҒЗЖ және ТКЖ нәтижелерінің алынған деректері озық техно­логия­ларға жол ашады, ғылым мен техниканың, химия өнеркәсібінің, құрылыс индустриясы мен агро­өнер­кәсіптік кешеннің дамуына оң ықпал жасайды.

Біз өзімізді дамыған елдердің бірі деп санауға толық құқымыз бар. Бірақ осы жетістіктерді артты­руға көптен-көп объективті және субъ­ек­тивті себептер туын­дап шығуы мүмкін. Солардың бірі­не жалпы білім алушы жоғары сы­­нып­­тың оқушыларының Мем­­ле­кеттік жалпы білім беру стандарты мен 2020 жылғы типтік оқу бағдарламасы бойынша, ескі бағдарламамен салыстырғанда техникалық ғылымдар бағытына сәйкес тапшылық бұл салаға орта мектептер мен дайындалып жатқан жаратылыс математикалық циклына, мысалы физика мен географияға 4 сағаттан аптасына бөлінсе, 10-сынып оқушыларына негізгі химия мен биология пән­де­рі­нен тек қана факультатив­пен өту немесе керісінше. Сонымен қатар Дене шынықтыру пәнімен Өзін-өзі тану пәндері бойынша сәйкесті 3 және 1 сағаттан жүктелінген.

Біз мемлеке­ті­міз­дің болашағын ойлаймыз, ал бәрімізге құпия емес, соңғы 5-6 жылдан бері химия-технологиялық маман­дықтарына, химиядан және биологиядан мамандар жетіс­пе­гендіктен елі­міздің химия өнер­кә­сіп сала­сын­да жас мамандар жоқ деп айт­сақ та болады.

Мысал ретінде, Қытай өткен ғасырдың аяғынан химия саласы бойынша химиктерге көп назар бөлгендіктен олардың химия өнеркәсібі өте дамып, минералды тыңайтқыштар өндірумен тұтынуы бойынша әлемдік көр­сет­кіштері алғашқы қатардан орын алып отыр. Тек қана минералды тыңайтқыштар емес, күнделікті гигиеналық және басқа заттармен қатар балаларға ар­нал­ған ойын­шықтар да химиямен өте тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз. Осы­ған орай жалпы орта білімі бойынша мектептер мен гимназияларда химия мен биология пәндеріне назар аударсақ, біздің де елімізді биік шыңдардан көруіміз күмәнсіз.

Мен өз үкіметіміздің қабыл­да­ған шешімдеріне қарсы емес­пін, бірақ ұтқырлық пен мобиль­ді­­лік туралы, сондай-ақ білімді жет­­кі­зу және жоғары мектеп тың­­­­даушыларынан сапалы жа­уап­­­­­тардың талап етілуі туралы ұмы­туға болмайды. Респуб­ли­­ка­­мыздың 3 млн-ға жуық хал­қы тұратын Қазақстанның оңтүс­ті­гінде 1 млн-нан 1,5 млн-ға де­йінгі халық тұратын басқа об­лыс­­тармен салыстырғанда, жас­тар­дың көпшілігі техникалық және жаратылыс-технологиялық ма­ман­­дықтарды таңдайды. Мұ­ның өзі лекциялық және зерт­ха­­налық-практикалық са­бақ түр­ле­рінің, сондай-ақ педа­гог пен тың­даушылардың өз бе­тінше жұ­­мыс­тарының адал ниетпен әрі сапалы өткізілуін талап етеді. Сон­дық­тан менің көзқарасым бойынша және Халық­аралық жоғары оқу орындарын оңтайластыру кезінде, халқы тығыз орналасқан өңірдің, әсіресе республикамыздың үшін­ші мегаполисінің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ру қажет және менің ұсы­ны­сым:

– ҰҒК мүшелерінің құрамына Қазақстан Республикасының оң­­түс­тік өңірінде орналасқан кәсіп­орын­дардың проблемалық мәселе­ле­рін білетін химик-технологтар, силикатшылар мен металлургтер мамандарын енгізу;

– Гранттық қаржыландыру конкурстарына өтінім беру кезінде жоба басшыларының жария­ла­нымдарына квартилі мен про­цен­тилінен басқа, өнертабысқа па­тенттердің бар-жоғын ескеру.

– Ғылыми қызмет кластерлерін дамыту бойынша өндірістік қа­жет­тіліктерге барынша жақын «То­пырақ ортасының хи­миялық құ­рамын білу негізінде тең­­дес­ті­ріл­ген минералдық ты­ңайт­­­­қыш­­тарды алудың өңірлік тех­­но­­ло­­гияларын құру».

Еліміздің түрлі аймақтары үшін ІЖӨ-ге сәйкес қуаты жылына 20 мың тоннаға дейінгі шағын өндіріс түріндегі тукоқоспалары бар қалдықтарының негізінде тең­дес­­тірілген тыңайтқыштарды алу біз­дің мемлекетіміздің эконо­ми­ка­сының химия, көмір және тау-кен өндіру салаларының әртүрлі өндірістерінің, құрамында ылғал ұс­тағыш және көпфункционалды сорбенттері бар болуы тиіс.

– Гранттық жобаларды қаржы­лан­дыру туралы оң шешім қабыл­дау кезінде қолданбалы ма­ңыз­ды­лығын және өнеркәсіптік тех­но­­логиялық желілерге жақын­да­­тылған модельдік тәжірибе қон­дыр­­ғыларын құру мүмкіндігін ескеру.

 

Құрманбек Жантасов,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ресей жаратылыстану академиясының академигі