Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Кептірілген қарасораны үйіне сақтаған бақташы ұсталды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде аудандық және қалалық учаскелік полиция инспекторлары барлық елді мекендерді тексеруде. Соның ішінде барлық есепте тұрған адамдарды тексеру жоспарланып отыр, - деп жазады Egemen.kz

Кептірілген қарасораны үйіне сақтаған бақташы ұсталды

Тайынша аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі, аға лейтенант Олжас Балтабай мен Келлеровка поселкелік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Виктор Пшеничный Липовка ауылында есірткі заттарын өткізбесе де сақтаған 61 жасар бақташыны ұстады. Оның үйінен екі түйіншекке түйілген және бұдан басқа үш сіріңке қорабына салынған, сондай-ақ ысталған пластик бөтелкеде болған кептірілген қарасора табылды. Сонымен бірге тіркелмеген «ИЖ-27» маркалы аңшы мылтығы және 16 калибрлі патрондар анықталды.

Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтановтың айтуына қарағанда ұсталған адам Липовка ауылының малын бағуға жуырда ғана орналасқан. Ол бұрын есірткі қылмыстарын жасағаны үшін жауапқа тартылған екен. Қазір оның ісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізілуде.

Жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 400 кг астам түрлі есірткі затын тәркіледі. Оның 350 кг астамы марихуана, 1кг 690 грамм – синтетикалық есірткі, сондай-ақ 372 грамм героин. «Учаске» іс-шарасы аясында полицейлер 180 мыңнан астам тексеріс жүргізіп, 9302 түрлі құқық бұзушылықты анықтады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы