Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, заңсыз сәлемдеме жеткізбек болғандар «Сергек» камералары арқылы анықталды.
«Бұрын соттылығы бар үш азамат Атырау қаласының орталығынан ұсталды. Олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 481-бабымен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір УГ-157/9 мекемесінің аумағына бейнебақылау камерасы қондырылған, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.